ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№________

 

«      »   ____2021 жыл

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Теңге ауылы

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

_Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы__

(аудан және облыс атауы)

2021 – 2023 жылдары

 

Әзірлеуші: «Теңге ауылы

әкімінің аппараты» ММ________________

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» ММ жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Теңге ауылы 1964 жылы құрылды. 27.06.1977 жылы

Кеңес үкіметі кезінде халық депутаттарының «Теңге поселкелік» кеңесі болып құрылған.

30.11.2007 жылғы Маңғыстау облысы әкімінің №448 қаулысы және 11.12.2007 жылғы Маңғыстау облыстық маслихатының №3/30 шешімімен Жаңаөзен қаласының Теңге кенті ауыл (село)» санатына жатқызылды. Қазақстан Республикасының 08.12.1993 жылғы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты, Маңғыстау облысының әкімдігінің                  27.02.2014 жылғы №40 қаулысы және облыстық мәслихатының 27.02.2014 жылғы №15/235 шешімімен өзгерістер енгізіліп, көрсетілген шешім мен қаулының тақырыбында және                  1-тармағында мемлекеттік тілдегі «(село)» сөзі, орыс тіліндегі«ауыл» сөзі алынып тасталды.

Теңге ауылының егжей-тегжейліжоспарлау жоспары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 16.04.2015 жылғы №484 қаулысымен бекітілді.

Теңге ауылының халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарына              16 614 адамды құрайды. Көше саны – 60,  тұрғын үйлер саны –  2307.

Ауылдық аумақтарды дамыту мониторингінің қорытындысы бойынша Теңге ауылы орта даму санатты ауылдардың қатарына  кіреді.

Жаңаөзен қаласынан 5 шақырымда орналасқан.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 26.09.2012 жылғы            №9/78 шешімімен Бас жоспар жасақталып, Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 16.04.2015 жылғы №484 қаулысымен Теңге ауылының  нақты  жоспарлау  жобасы бекітілді.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 17.03.2016 жылғы                  №49/422 шешімі және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің          16.03.2016 жылғы №155 қаулысымен Теңге ауылының шекарасын (шегін) 19199,66  гектар болып белгіленді.

Жергілікті қоғамдық мүшелерінің (төрағасымен бірге) саны –      99 адам.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.05.2014 жылғы         №28/233 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті Қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімімен құрылды.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 01.06.2018 жылғы               №20/253 «Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімі негізінде өкілеттілік берілген.

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Теңге ауылын дамыту.

2021 – 2023 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Теңге ауылы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, тұрмыстық  жағдайын  жақсарту көзделген.

Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық өсімге қол жеткізу.

2021 жылдың 1 қаңтары бойынша  халық саны 16614 адамды құрайды.

Ауыл бойынша барлығы 3 шаруа қожалығы, 84 жеке кәсіпкерлік нысан тіркелген. Аталған нысандар бүгінгі күні өз істерін дамытып ауыл экономикасына өз үлестерін қосып, 119 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде, азық-түлік дүкендері, шағын және супермаркеттер, шаштараз, тігін цехы, автокөлікті газбен жабдықтау орталығы, дәріханалар, көлікке қызмет көрсету орталығы және тағы басқалары. Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Әлеуметтік сала.

Білім беру.

Ауылда 3 орта мектеп орналасқан:

1) Ауылдың орталық аумағындағы №14 орта мектеп 2001 жылы қолданысқа берілді, сыйымдылығы 856 орынға арналған, қазіргі таңда 974 бала білім алады, мұғалімдер және кіші қызметкерлер саны – 125. Аз қамтылған отбасының балалары ыстық тамақпен қамтылған.

2) Ауылдың батыс аумағындағы №17 орта мектеп 2007 жылы қолданысқа берілді, сыйымдылығы  624 орынға арналған, қазіргі таңда 1187 бала білім алады,  мұғалімдер және кіші қызметкерлер саны – 153. Аз қамтылған отбасының балалары ыстық тамақпен қамтылған.

3) Ауылдың шығыс аумағындағы №11 орта мектеп 2014 жылы қолданысқа берілді, сыйымдылығы  900 орынға арналған, қазіргі таңда 1429 бала білім алады,  мұғалімдер және кіші қызметкерлер саны – 170. Аз қамтылған отбасының балалары ыстық тамақпен қамтылған.

Мектепке дейінгі білім беру.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Теңге бөбекжайы бақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 2018 жылы қолданысқа берілді, сыйымдылығы 280 орындық және 320 орындық балабақшалар екі типтік ғимаратта орналасқан. Қазіргі таңда, 350 бала тәрбие алуда,  тәрбиешілер саны – 74.

2017жылы сыйымдылығы 100 орындық «Қостерек» жекеменшік балабақшасы ашылып, пайдалануға берілді,бала саны - 36, тәрбиешілер саны  - 3.

Мектептер мен балабақшалар типтік ғимараттарда орналасқан,толықтай интернет желісімен және қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген.

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау.

      1) 50 келушіге арналған алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы 1995 жылы пайдалануға беріліп, 2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

      2) Ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан 150 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория 2012 жылы пайдалануға берілді.

      Сонымен қатар, 2019 жылы ашылған «Шипа-Мед» жекеменшік медицина орталығы ашылып, тұрғындарға өз қызметін көрсетуде.

Теңге ауылы бойынша барлығы 10 дәрігер, 62 медбике, 5 кіші қызметкер медициналық қызмет атқаруда. 2 жалпы тәжірибелі дәрігер қажет етілуде.

Мәдениет саласы.

«Атамұра» МКҚК мәдениет үйі 2012 жылы пайдалануға берілген, сыйымдылығы 300 орындық. Мәдениет үйінде «ән», «жыр-терме»,«би», «домбыра» және тағы басқа үйірмелер бойынша қызмет көрсетеді. Мәдениет үйінде барлығы 29 қызметкер, оның ішінде 10 қызметкер  үйірмелер бойынша қызмет атқарады.

Жаңаөзен қалалық орталық кітапханасының №2 Теңге ауылдық бөлімшесі «Атамұра» мәдениет үйі ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Кітап қоры 8144 дана,қызметкерлер саны - 2.

Спорт саласы.

Теңге ауылында спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, 36 келушіге арналған спортзал құрылысының жобасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Жобаның құрылысы 2021-2022 жылдарға жоспарланды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Ағымдағы жылдың есептік кезеңі бойынша, Теңге ауылынан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны - 419 адамды құрайды.

Жыл бойы жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындардан:

1) Жастар практикасына – 17 жас маман;

2) Тұрақты жұмысқа – 201 адам;

3) Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 145 адам жолданды.

Бір жолғы атаулы әлеуметтік көмек 38 отбасыға барлығы 946 345 теңге көлемінде қаражат берілді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек                   53 отбасындағы  341 адамға тағайындалды.

Қоғамдық тәртіп.

Ауылда бір тірек пункті бар, онда 2 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Теңге ауылы орталықтандырылған ауыз су, электр, газ желісімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде:

- су құбырының ұзындығы – 90,7 шақырым. Ауыз сумен қамтылып отырған абонент саны – 2551, яғни қамтылуы – 100%  құрайды.

- электр желісінің ұзындығы – 72,0 шақырым. Абоненттер саны – 2559,  қамтылуы 100%  құрайды.

- газ желісінің ұзындығы – 71,5 шақырым. Абоненттер саны – 2589,  қамтылуы  99,9%  құрайды.

- автомобиль жолдарының ұзындығы – 54,85 шақырым, оның ішінде асфальттанғаны - 20,5 шақырым, яғни 37,3% құрайды.

Байланыс саласы.

      Ауылдың орталық бөлігінде бір пошта бөлімшесі орналасқан. Ауылда 1024 жеке тұрғын үй телефон желісімен, 1341 тұрғын үй ғаламтор желісімен қамтылған. Оның ішінде; «Қазақтелеком» АҚ ғаламтор желісімен - 864, «SynergyTelecom» ЖШС  - 199, ЖК «SAS TELEKOM» - 278 тұрғын үй.

Бүгінгі таңда «SynergyTelecom» ЖШС  және ЖК «SAS TELEKOM» мекемелері тұрғындардың өтініштері негізінде тұрғын үйлерге ғаламтор желісін жүргізуді жалғастыруда. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары «Билайн» «Актив» «Алтел»  «Теле-2» сияқты ұялы байланыс операторларының 3G, 4G қызметін пайдалануда.

Ұлттық сандық «Отау-ТВ» спутниктік телеарнасымен ауылдың барлық тұрғын үйлері қамтылған.

Ауыл шаруашылық бойынша.

Ауылдағы шаруа қожалықтарының саны – 3 бірлік.  Мал басы саны – 3363, соның ішінде: ірі қара мал (сиыр) – 110 бас, жылқы – 1020 бас, түйе – 1234 бас, ұсақ мал (қой мен ешкі) – 999 бас.

Ауыл бойынша мал ауруының алдын-алу мақсатында, екпе жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Ірі қара мал, қой және ешкілер сырғаланып, дерекқорға енгізілді.

Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі арқылы ауыл маңында иесіз жүрген 513 иттің көзі жойылды. Ауыл әкімдігінің тарапынан қабаған иттері бар әрбір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілуде. Сонымен қатар, малдардың белгіленбеген жерлерде жайылып, қараусыз жүруі ауылдың көгалдандыруына кері әсерін тигізіп жатырғандығы және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай, әкімшілік жаза қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Ауыл халқының әлеуметтік - экономикалық, тұрмыстық жағдайын жақсарту, ауылдың инфрақұрылымын дамыту мақсатында алға қойған жоспарлар:

- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 16.04.2015 жылғы №484 қаулысымен қазіргі Теңге ауылының нақты жоспарлау жобасы жасақталып, жалпы аумағы            683,6 гектар болып бекітілген. Кейіннен, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің        16.03.2016 жылғы №155 қаулысы, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың            17.03.2016 жылғы №49/422 шешімімен Теңге ауылының шекарасы ұлғайтылып, жер көлемі 19199,66 гектар болып белгіленді. Қазіргі таңда 2015 жылғы жасақталған нақты жоспарлау жобасында Теңге ауылының аумағы толық қамтылмауына байланысты, нақты жоспарлау жобасына өзгеріс енгізу қажет. Бұл өз кезегінде, ауыл аумағында жеке қосалқы шаруашылықтарға жер телімдерін беру арқылы  мал шаруашылығын, егін шарушылығын дамытуға үлкен мүмкіндік.

- 2013-2014 жылдары бой көтерген Ер Шабай көшесіндегі және Достық даңғылы бойындағы жалпы саны 3 шағын футбол алаңдарына жасанды көгал төсеу, балалар ойын алаңдарын заманауи кіші архитектуралық формалармен толықтыру. Аталған жұмыстарға сметалық құжаттамасын жасақталды.

-  Ауылдың асфальт жабындысы бар көшелерінде пайда болған                  450-500 шаршы метр көлеміндегі ой шұңқырларды ағымдағы жөндеуден өткізу.

  • Ұзындығы 3,8 шақырым құрайтын жаяу жүргіншілер  жолын (тротуар) салу.

- Жедел жәрдем станциясының филиалы үшін модульді кіші станциясын орнату;

- Теңге ауылының 44,45,46,47, Дина Нұрпейісова көшелеріне және Теңге аулының батыс бөлігіне (АТП5) электр желілерін жүргізу және жаңарту;

- Жаңаөзен қаласындағы су тазарту имаратынан Теңге ауылына дейін су тазарту құбыры құрылысын салу:

- Теңге ауылының шығыс бөлігінде орналасқан ескі карьер орнын қайта қалпына келтіру (рекультивация) жер көлемі шамамен 50 гектарды құрайды. Қазіргі таңда аталған жер тас шығару жұмыстары үшін қазылуына байланысты ойылып және заңсыз төгілген құрылыс қалдықтары жиналуда. Аталған карьер маңында орналасқан тұрғын-үйлерден жаз мезгілінде жағымсыз иіс шығатыны жөнінде шағымдар көптеп түседі. Қазылған жерлерді тегістеп, Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуіріндегі №484 қаулысымен бекітілген нақты жоспарлау жобасына сәйкес, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың бой көтеруіне жағдай жасау (спорт, білім ордалары, мектепке дейінгі орталықтар және т.б)

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерде жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсету

2021 ж

Атаулы әлеуметтік көмек төлемнің қаржы көлемі өтініш берушілердің санына қарай ай сайын бюджеттік өтінім өзгеріп тұрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің 90 пайызы республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджет есебінен

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының тұрғындарына жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсету қызметі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталды.

2.2

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

 

2021 ж

 

 

 

298

 

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

 

 

31.12.2021 ж

 

 

2 225

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

 

31.12.2021 ж

 

 

2022 ж

 

2 313

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

 

 

 

2023 ж

 

2 403

 

 

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2023 ж

 

III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Теңге ауылынан облыстық жедел медициналық көмек станциясы филиалы үшін  модульді кіші станция ЖСҚ жасақтау (Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарның аясында)

 

2021 ж

 

Жобалау-іздестіру жұмыстары сәйкес

 

 

31.12.2021 ж

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің инженерлік желілерін салу (сумен жабдықтау)  Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарның аясында)

 

2021 ж

 

 

 

31.12.2021 ж

4.2

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің инженерлік желілерін салу (газбен жабдықтау)  Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарның аясында)

2021 ж

 

 

31.12.2021 ж

4.3

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің инженерлік желілерін салу (электрмен жабдықтау)  Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарның аясында)

2021 ж

 

 

31.12.2021 ж

4.4

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2021 ж

 

 

32 229

 

 

 

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021 ж

 

 

 

   2022 ж

 

42 542

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

 

2023 ж

 

45 082

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

4.5

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

2021 ж

33 386

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021 ж

 

2022 ж

 

43 699

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

 

2023 ж

 

 

46 239

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2023 ж

4.6

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

2021 ж

13 558

Жергілікті бюджет қаражаты еcебінен

31.12.2021 ж

 

2022 ж

 

 

23 871

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

2023 ж

26 411

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2023 ж

                                                 V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау

 

2021ж

 

4 060

 

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

31.12.2021ж

37 900

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021ж

2022 ж

38 407

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

   2023 ж

           38 939

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 31.12.2023 ж

5.2

Теңге ауылында Достық даңғылы көшесіндегі футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары

2021 ж

5 400

 

 

Жоба бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Қаражат бөлінісіне қарай орындалады

5.3

Теңге ауылында Достық даңғылы көшесіндегі №2 футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары

2021 ж

4 700

 

 

Жоба бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Қаражат бөлінісіне қарай орындалады

5.4

Теңге ауылында Ер Шабай көшесіндегі футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары

2021 ж

4 700

 

 

Жоба бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Қаражат бөлінісіне қарай орындалады

5.5

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс – шараларды өткізу

2021 ж

 

110

 

 

 

     Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021 ж

 

2022 ж

0

 

 

    Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2022 ж

 

2023 ж

0

    Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2023 ж

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

13,3 шақырым автокөлік жолдарын салуға жобалық сметалық құжаттамасын жасақтату

2021 ж

Жобалау-іздестіру жұмыстары сәйкес

 

01.06.2021 ж

6.2

Теңге ауылында 7,1 шақырымды құрайтын 8 көшеге  автокөлік жолын салуға 

2022 ж

Жобалау-іздестіру жұмыстары сәйкес

 

01.06.2022 ж

VII. БАСҚАЛАР

7.1

 

 

 

 

 

7.2

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

             

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жауапты болып табылады.

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Дата публикации
15 февраля 2021