Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2025 жылдарға арналған

Кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат

 

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2025 жылдарға арналған

Кешенді жоспары 13.12.2019 жылғы ҚР Үкіметінің №923 Қаулысымен өзектендіріліп, бекітілді.

Өзектендірілген Кешенді жоспар 70 тармақтан тұрады, оның ішінде:

- 59 іс-шара Жаңаөзен қаласы аумағында іске асырылады.

-11іс-шара облысымыздың басқа аумақтарында іске асырылатын болады.

Өзектендірілген жоспарда орын алатын 70 тармақты іске асыруға барлығы 306,7 млрд.теңге қарастырылды, оның ішінде:

РБ – 20,1 млрд.теңге;

ЖБ – 3,6 млрд.теңге;

«ҚазМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ – 214,7 млрд.теңге;

Жеке инвестициялар – 68,3 млрд.теңге.

 

2019 жылға барлығы – 13,1 млрд.теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде:

РБ – 5,3 млрд.теңге;

ЖБ – 499,4 млн.теңге;

«ҚазМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ – 4,1 млрд.теңге;

Жеке инвестициялар – 3,2 млрд.теңге.

 

Соның ішінде 2019 жылға Жаңаөзен қаласы аумағында орын алатын жобаларды іске асыруға барлығы – 19,6 млрд.теңге қарастырылып отыр, оның ішінде:

* РБ – 4,3 млрд.теңге (жалдамалы пәтерлер сатып алу,                     18,2 шақырым автомобиль жолдарын салу, қалалық полиция басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайту);

* ЖБ – 499,4 млн.теңге (бизнес негіздеріне оқыту, автомобиль жолдарын салу, апатты тұрғын үйлердің тұрғындарына пәтерлер сатып алу);

* «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ – 4,1 млрд.теңге (жатақхана шығындарын субсидиялау, басқа өңірлерге қоныс аудару шығындарын субсидиялау, «Өзенинвест» МКК-нан 350 жаңа жұмыс орындарын құру, «Өзенжылу» МКК жаңғырту);

* Жеке инвестициялар – 216,6 млрд.теңге (қант зауытын салу, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісін  кеңейту).

Бұл қаражаттар келесі іс-шараларды іске асыруға бағытталады:

- Жаңаөзен қаласының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешуге.

  1. «Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтары үшін Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй сатып алу» тармағы бойынша, Ақтау қаласынан жалдамалы пәтер алуға ниет білдірген 396 азаматтың тізімі жасақталып бекітіліп, Ақтау қаласының әкімдігіне және тиісті басқармаларға әлеуметтік нысандар салу мақсатында жолданылды.

Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтары үшін Ақтау қаласынан сатып алынатын пәтерлерді бөлу тәртібі Ережесі жасақталып, Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.08.2019 жылғы №189 Қаулысымен бекітілді.

Пәтерлер Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан берілетін болады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда (жалға берілетін пәтерлер Жаңаөзен қаласының тұрғын үй кезегінде тіркеуде тұрғандарға және ҚР аймағында соңғы 5 жыл ішінде атында пәтерлері жоқ азаматтарға беріледі).

Осы мақсатта 268 пәтер сатып алынып, РБ-2,7 млрд.теңге жұмсалды, Қазіргі кезде 268 адамның құжаттары комиссия шешімінің оң қорытындысын алып, келісім-шарт отыру жұмыстары жүргізілуде.

  1. «Жаңаөзен қаласының жастары арасынан жұмысқа орналастырылған азаматтарға Ақтау қаласының жатақханаларында тұрғаны үшін жалға алу төлемақысын субсидиялау» тармағы бойынша, Жаңаөзен қаласының жастары ішінен Ақтау қаласының жатақханасына орналасуға ниет білдірген 146 азаматтың тізімі жасақталып, бекітіліп облыстық әкімдігіне жолданылды.

Ақтау қаласының 34 шағынаудан, №5 үйде орналасқан жатақханамен жеке кәсіпкер Р.Айтымановмен келісім-шарт жасалды.

Жатақханаларда тұрғаны үшін жалға алу төлемақысын субсидиялау бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы мен «Жарылқау» қоры арасында келісім шарт жасалды.

«ӨМГ» АҚ-ы қаражаты есебінен 2019 жылға қарастырылған 2,0 млн.теңге бөлінді. Жатақханаға 12 азамат орналастырылып, барлығы 2,0 млн. теңге игерілді.

* 1 адамға тәулігіне 2500 теңгеден.

  1. «Жаңаөзен қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының қоныс аударуы үшін кейіннен коммуналдық тұрғын үй қорына бере отырып, Ақтау қаласында тұрғын үй сатып алу» тармағы бойынша, Ақтау қаласына көшуге ниет білдірген 126 азаматтың тізімі жасақталып бекітіліп, Ақтау қаласының әкімдігіне және тиісті басқармаларға әлеуметтік нысандар салу мақсатында жолданылды.

Осы мақсатта пәтер сатып алуға «ӨМГ» қаражаты есебінен 1,0 млрд.теңге бөлінді. Маңғыстау облысының әкімдігі, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы және «Жарылқау» қоры арасында меморандум жасақталды. 

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы сатып алынатын үйлердің тұрғын үй кешенін және құрылыс салушысын анықталып, СПК «Каспий»-дің еншілес мекемесі «CaspyBuild» ЖШС-і, 33 ш/а, «Аққу» тұрғын үй кешені/1, №30 үй белгіленді (пәтер саны – 187 бірлік, 1 шаршы метрі – 138,0 мың теңгеден).

Қазіргі кезде, Ақтау қаласының ЖКХ бөлімі, «Жарылқау» қоры және «CaspyBuild» ЖШС-і арасында 541,0 млн.теңгеге 70 пәтер сатып алынды (15-жетім балдарға, 55-әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға, пәтерлер бойынша: 1 бөлмелі - 18 пәтер, 2 бөлмелі – 30 пәтер, 3 бөлмелі - 18 пәтер, 4 бөлмелі – 4 пәтер). Қазіргі таңға 19 адамға пәтер кілттерін табыстап, көшірілді. СПК «Каспий»-дің мәліметіне сәйкес, қалған 56 пәтер 2020 жылдың 1 тоқсанында сатып алынатын болады.

  1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көшіп келетін өңірлерге қоныс аудару шығыстарын субсидиялау» тармағына сәйкес, Республикамыздың басқа өңірлеріне көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 6 отбасы (13 адам) көшуге ниет білдіріп, барлығы көшірілді, соның ішінде Павлодар облысына – 3 отбасы, Солтүстік-Қазақстан облысына – 3 отбасы көшті.

Көшіп баратын өңірлерге қоныс аудару шығыстарын субсидиялау бойынша «ӨМГ» АҚ-ы қаражаты есебінен 2,0 млн.теңге бөлінді, оның 1,3 млн.теңгесі игерілді.

 

- Жаңаөзен халқының әл-ауқатын жақсарта отырып, тұрақты жұмыс орындарын құру, мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге;

* Қант құрағын өңдеу және оның негізінде құмшекер өндіретін кіші зауыт салу бойынша қарастырылған жеке инвестициялар – 86,6 млн.теңге (48 адам тұрақты жұмыспен қамту).

Қала әкімдігі тарапынан жер учаскесі берілді. Қазіргі кезде ғимараттың құрылысы аяқталып, қажетті құрал-жабдықтары орнатылды. Жыл соңына инженерлік-инфрақұрылымдары тартылатын болады. 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

* Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісін кеңейту бойынша тартылған инвестиция көлемі – 80,0 млн.теңге, іріктеу ангары және күзет посты салынды, жасамай тұрған пластикалық құбыр шығаратын цехы іске қосылды, 60 адам жұмыспен қамтылды.

* Мазутталған топырақты биологиялық тазарту бойынша «ӨМГ» АҚ қаражаты есебінен 995,0 млн.теңге бөлінді. «Таза су» ЖШС тарапынан жұмыстар басталып, нәтижесінде жұмыссыздық есебінде тіркелген 90 азамат жұмысқа жолданды. Есепті кезеңге 995,0 млн.теңге игеріліп, 100 мың тонна мазутталған топырақты биологиялық тазартулар жүргізілді.

- Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге;

«Жаңаөзен қаласы «Өзенинвест» МКК-нің (350 жұмыс орнына дейін) міндеттемелерін ұлғайту тетігі арқылы коммуналдық шаруашылық объектілерін ұстау қызметін кеңейту бойынша шаралар қабылдау» тармағы бойынша                  350 жаңа жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылды.

Бұл бағытта «ӨМГ» АҚ-ы қаражаты есебінен 2019 жылға        1,1 млрд.теңге бөлініп, игерілді.

- шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру (Қала бойынша экономикалық белсенді топ – 77,5 мың адам, оның ішінде шағын және орта бизнесте қамтылғандар – 21,0 мың адам. Жыл басынан бері құрылған жұмыс орындар – 5762, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар – 4596, шағын және орта кәсіпкерлікте - 641);

* Жаңаөзен қаласы халқын бизнес негіздеріне оқыту бойынша жыл басынан бері 680 адам оқытылып, сертификаттарын алды. Осы мақсатта жоспар шеңберінде ЖБ-38,5 млн.теңге бөлініп, игерілді.

* Жаңаөзен қаласының өндірістік алаңын шағын және орта бизнес жобаларымен толықтыруды қамтамасыз ету бойынша мүліктік нысанды «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына берілді.

Қазіргі таңда, бұл бағытта 24 кәсіпкерден ұсыныстар түсіп, 9 кәсіпкермен келісім-шартқа қол қойылды, қалған 15 кәсіпкермен жұмыстар жалғасын табуда.

- Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдауға;

* Қалаiшiлік, Мерей шағын ауданының, Бостандық, Мұнайлы шағын аудандарының және Рахат ауылының Ақсу, Мерей шағынаудандарының автомобиль жолдарын салу бойынша 4 жобаны іске асыруға РБ-714,8 млн.теңге, ЖБ-39,5 млн.теңге бөлініп, игерілді, 18,4 шқ. жол салынып, жұмыстар аяқталды.

* Апатты деп танылған «Шаңырақ» ш/а №43 үйдің тұрғындарын пәтермен қамтамасыз ету мақсатында қалған               9 пәтер сатып алуға ЖБ қаражаты есебінен – 100,0 млн.теңге бөлініп, 77,4 млн.теңгесі игерілді,7 пәтер сатып алынды (қалған 2 пәтер 2020 жылы сатып алынады).

* Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайтылды, 591,0 млн.теңге бөлініп игерілді,  26 дана автокөліктер, жеке қорғау құралдары, портативтік бейне регистраторлар, радиостанциалар сатып алынды, Көшелерде 68 бұрылмалы бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілді, бұл мақсатта ЖБ-271,0 млн.теңге бөлініп, игерілді, 63 жерге 169 камералар орнатылды.

Қорытындылай келе, Кешенді жоспарда 2019-2025 жылдар аралығындағы  қарастырылған іс-шаралардың, инвестициялық жобалардың іске асырылуының нәтижесінде 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, қаланың жұмыссыздық мәселесі шешілетін болады.

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат
Дата публикации
14 февраля 2020