Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің және оған қарасты мекемелердің 2019 жылға атқарған жұмысы жөніндегі есебі
Жаңаөзен қаласында мәдениет пен өнер саласының екпінді дамуы, мәдениет туындыларына қол жетімділікті қамтамасыз ету,жастардың шығармашылық қабілетін арттырып,өнерге баулу, өнердің озық үлгілерін насихаттау бағытында мәдени ұйымдардың саны 10 бірлікті құрады: оның ішінде 3 мәдениет үйі («Өнер» МКҚҚ кәсіпорынның «Мұнайшы» МҮ, Теңге ауылындағы «Ата мұра» МҮ және Қызылсай ауылындағы «Ұзақбай Қазжанұлы» атындағы МҮ), 7 бөлімшесі бар орталық қалалық кітапхана .
2019 жылы қала және іргелес елді-мекендер тұрғындары үшін дәстүрлі және атаулы мерекелерге арналған 358 мәдени-көпшілік шара, өнер сайыстары ұйымдастырылды. Қамтылған көрермендер саны - 135700 адам, көркемөнерпаз саны – 7743. Жаңаөзен қаласы және оған іргелес ауылдардағы Мәдениет үйлеріндегі клубтық құрылымдар саны 2018 жылы -83, соның ішінде үйірмелер саны – 47/884 қатысушы , ұжымдар саны -36/610 өнерпаз болса, барлығы: 83 құрылым, 1494 қатысушы өнерпаз. Ал 2019 жылы клубтық құрылымдар саны -88, соның ішінде үйірмелер саны -52/1030 –қатысушы, ұжымдар саны -36/717 өнерпаз. Барлығы: клубтық құрылым 88/1747 қатысушы өнерпаз.
«Мұнайшы» МҮ-26 өнер ұжымы, 36 үйірме, «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» МҮ - 5 өнер ұжымы, 9 үйірме, «Ата мұра» МҮ – 7 үйірме, 5 ұжым жұмыс жасайды.
Мәдениет ошақтарына 2019 жылға 4 /төрт/ домбырашы, воколист, виоленчель жас кәсіби мамандарымен толықтырылды.
Мәдениет үйлерінің өнерпаздарының 2019 жылғы халықаралық, республикалық шаралардағы жетістіктеріне тоқталатын болсақ, халықаралық байқауларда 2 бас жүлде, 5 бірінші орын және 2 екінші орын иегерлері атанса, республикалық байқауларда 2 бас жүлде, 17 бірінші орын, 7 екінші және 3 үшінші орын иегерлері атанды.
2019 жылы Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік мекемесінде мәдени іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздардың кәсіби білімдерін көтеру, тәжірибе алмасу, олардың шығармашылық еңбектерін ел арасында тарату, жұмыстары жалғасын табуда. Клуб мекемелерінде барлығы шығармашылықпен жұмыс жасайтын қызметкер саны-81 Қала және елді мекендердегі мәдениет үйлерінде 2019 жылға 6(алты) семинар, 4 (төрт) мастер шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. «Өнер» мәдениет үйінде «Актердің мәдени сөйлеу шеберлігі мен тіл техникасы», «Заманауи өнер және білім»семинары, «Көпшілік шаралар режиссурасы» тақырыбында семинарлар өткізілді; «Атамұра» мәдениет үйінде «Домбыра тарту шеберлігінде дәстүрлі қағыстарды қолдану әдіс – тәсілдері»тақырыбында семинары; «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» мәдениет үйінде ««Клуб типтес мәдениет мекемелеріндегі инновациялық қызметтің ерекшеліктері», «Әдістемелік жұмыстарға жаңа формалар қосу» семинары жоспарланып, ұйымдастырылды.
Мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында: «Мұнайшы» МҮ би үйірмесі жетекшілері М.Сұлтамұратова, Ж.Әнесова, А.Амангелдина, Ж.Шарауаова «Дарындылар, Мәшһүрлер, Ұлылар» көрмесі аясындағы ҚР хореографиялық өнер саласындағы белгілі қайраткерлерінің өмір тарихы және шығармашылығы» және «Қазақ ұлттық биінің қалыптасуы мен дамуы және оның насихатталуы»тақырыптарындағы шеберлік-сынып дәрістеріне қатысты. «Мұнайшы» МҮ хор ұжымының жетекшісі А.Тулейбаева ОҒӘ және МҚКО ұйымдастыруымен өткізілген «Хор өнері» хор және вокалды ұжымдар мен үйірмелердің жетекшілеріне арналған шеберлік сынып дәрісіне қатысты. «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» МҮ мамандары А.Толепбергенова және И.Тұрсыналиева «БҚО әкімдігі, мәдениет басқармасының, халық шығармашылық орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» тақырыбы бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, 40 академиялық сағатта біліктілігін арттырды.
Жастар жылына орай жастардың таланты мен талабына шабыт беру мақсатында: «Караоке» кеші, «Жас көшбасшы» интеллектуалдық сайысы, жастарға діни тәрбие беру, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында бас имамдармен әр түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында вирт көрмелер, «Ауылда өткен бір күнім» бір күндік ауыл кеші, «Бата – ізгілік тілек тілеудің әдебі» бата беру сахналандырылған көрінісі, «Қазақ Елі» концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
«Мұнайшы» мәдениет үйінде «Жетістікке жетелейтін жеті қыр» тақырыбындағы облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтіп, облыс бойынша жаңаөзендік өнерпаздар бірінші орынды иеленді.
Жаңаөзен қаласы әкімі жанындағы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі үйлестіру Кеңесі өз кезегінде қала әкімі орынбасарының төрағалығымен ағымдағы жылға IV (төрт) кезекті комиссия отырысын ұйымдастырып өткізді. Кеңес отырысында Жаңаөзен қаласының бүгінгі таңдағы діни ахуалы, отбасының тұрақтылық ахуалы, әйелдерге тұрмыстық зорлық көрсетуге қарсы күрес жұмыстары, жас отбасылардың ажырасу көрсеткіші мәселелері, жас отбасыларға психологиялық кеңестер, ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру, қалада мүмкіндігі шектеулі, үй шаруасындағы әйел адамдар, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар, сондай-ақ қызметтегі әйел адамдардың тізімін жасақтап, олардың статистикалық көрсеткіштерін жинақтау және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен қала көлемінде арнайы оқу орындары және мектептерде жастармен өзекті сұрақтарды талқылау мәселелері қамтылды.
Кеңес 63 іс-шара жоспарланып, ұйымдастырылып өтті. Кеңес ауыл әкімдіктерімен, тиісті бөлімдермен, мәдениет ошақтарымен бірлесе отырып, елді-мекендерде әйелдерге қатысты кездесулер өткізді. Жоспарлы түрде мерекелік шаралар, әлеуметтік маңызы бар кездесулер, ауыл жұртшылығымен жиындар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, байқаулар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы тұжырымдама аясында қала көлемінде қосымша тұжырымда жасалып, жасақталған іс-шара аясында қосымша шаралар ұйымдастырылды. 2020 жылдада жоғарыда аталған жұмыстар жалғасын табады.
Жаңаөзен қаласында Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 110 іс-шара бекітіліп, орындалды.
«Атамекен» бағыты бойынша 12 ай ішінде өткізген іс- шаралар: «МұнайФилдСервис» ЖШС қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан жалпы саны 43 адам Аутсорсинг негізінде жұмысқа қабылданды, «ҚазГөз» ЖШС көмегімен Теңге ауылында 5 билборд пен 4 керме орнатылды, «ҚазГөз» ЖШС-і демеушілігімен Көкесем қорымына қоршау салынды, «Бұрғылау» ЖШС қолдауымен Теңге ауылына 3 стелла және 2 дана спорт алаңы орнатылды, ЖК М.Бектілеуовтің демеушілігімен «Сак» көпсалалы сауда орталығы, «Самұрық Қазына Траст» бастамасымен Теңге және Қызылсай ауылдарында көпсалалы спорт алаңдары қолданысқа берілді, «ӨзенМұнайГаз» АҚ демеушілігмен 434 мүгедек балаға қаржылай көмек көрсетіліп, Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарын автобуспен және жедел жәрдем көлігімен жабдықталды, , ЖК Н. Еділовтің «Жақсы» спорт кешені және ЖК Ж. Агисовтің демеушілігімен «Арлан» спорт кешені бой көтерді, Б.Нұрлыбаевтың қолдауымен Қызылсай ауылында «Бұрғышы» мүсіні орналасқан аллея және Т.Мусаевтың бастамасымен «Анаға тағзым» аллеясы халыққа қолданысқа берілді.
«Рухани қазына» бағыты аясында 60 шара іске асырылды. Олар: «Қайран жылдар» поэзиялық ән кеші, «Ұлы даланың ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында патриоттық форум, «Әнші дауысы» жыр-терме және үздік дәстүрлі ән орындаушыларының кеші, Сүгір Бегендікұлының туғанына 125 жылдығына орай «Жырдың пірі-Сүгір» жыршы-термешілер сайысы, қалалық «Мерейлі отбасы» өнегелі, өнерлі, кәсіби отбасылар сайысы, «Бала- өмірдің гүлі» атты дөңгелек үстел, «Ән көңілдің ажары» халық әндерін насихаттауға арналған танымдық концерт, «Жыр керуені» әдеби сазды кеш, «Асыл әжем, ақ әжем- 2019» және т. б.
«Тәрбие және білім» бағытында 34 шара орындалды. Қалалық қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Тілші мұғалімдер – 2018 олимпиадасы, математика пәнінен «ІҮ қалалық Шоңқалов олимпиадасы», «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы көрме-байқау. Сәуір айында «Жас ұлан», «Алау» әскери-спорттық ойындарының қалалық кезеңі №3 орта мектепте өтті. Білім беру ұйымдарынан 5 мектеп, 36 оқушы қатысты. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала көлемінде оқушылар арасында «Рухани жаңғыру,болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында халық жазушысы,заңғар тұлға Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл болуына орай, «Ғұлама тұлға-ғибратты ғұмыр» шығармалар жүйесінен театралды қойылым байқауы өткізілді. Байқауға қала мектептерінен 80 оқушы қатысты және де «Үлгілі педагог отбасы-2019» байқауы өткен болатын. Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 отбасы бақ сынады. Жас мамандарға арналған «Жас келсе – іске» атты жайдарман ойындары өткізілді, білім беру ұйымдарынан 150 жас маман қатысты.
«Ақпарат толқыны» бағытында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында БАҚ-та тақырыптық материалдар жариялануда.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы №69 «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қоғамдық қамқоршылықты бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында қамқоршы ұйымдардың атқаратын жұмыстарын үйлестіріп және туындаған мәселерді талқылап қалада орналасқан мекемелердің жауапкершілігіне кіретін киелі жерлерді және қала мен оған іргелес елді мекендегі тарихи ескерткіштерді қорғау сақтау,тазалық жұмыстарына арналған сенбіліктер өткізу, көркейту-абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 маусымдағы №221 «Тарихи және мәдени ескерткіштеріне қоғамдық қамқоршылықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысымен бекітілген республикалық дәрежедегі 8 ескерткіш бар:
Қала және оған іргелес елді-мекендерде 6 (алты) ескерткіш, 2 (екі) саябақ, 2 (екі) аллея бар:
2019 жылы жоспар бойынша «ҚазГӨЗ» зауытының қамқоршылығындағы Көкесем қорымына қоршау орнатылды, сондай-ақ тарихи ескерткіштер мен саябақтарға құрылыс, қайта жөндеу, айналасын абаттандыру, тазалық жұмыстары жоспар бойынша үнемі жүргізіліп келеді.
Тіл заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тіл саясаты саласындағы заңнама нормаларының бұзушылықтарға жасалған мониторинг нәтижесі бойынша 557 нысан тексеріліп, 90 нысанға сыртқы көрнекі ақпараттардың,жарнамалар қате мәтінмен жазылған, транскрипциялық түзету қажет атаулар, атаулардың тақтайшаларын әзірлеу қажеттігі анықталып, тиісті іс-шаралар жүргізіліп ,ескертулер берілді, қателіктер орын алған нысандар талапқа сәйкес түзетулер жүргізуде.
Жаңаөзен қалалық жергілікті ономастикалық комиссияларының топономикалық және физикалық-географиялық объектілерді реттеу және жүйеге келтіру жұмыстарын жандандыру және үйлестіру Кеңесі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Рахат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі және 2019 жылғы 1 қарашадағы қорытындыларының негізінде Рахат ауылының Мерей шағын ауданы Шоғы батыр көшесі, № 5 кіреберістен 46 көшеге дейін, 46 көшеден «Құланды» тас жолына дейінгі аралығына «Абылхан Машани даңғылы» атауы, Рахат ауылы Мерей шағын ауданының, 46 көшесінің № 7 кіреберісінен 78 көшесіне дейінгі аралығына «Өтежан Алшымбаев көшесі» атауы берілді.