«Жаңаөзен қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімінің» 2019 жылы өткізілген іс-шаралар есебі

«Жаңаөзен қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімінің» 2019 жылы өткізілген іс-шаралар есебі

 

Қазіргі күні қалада дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың көрсеткіші тұрақты түрде өсуде. Жаңаөзен қаласында халық саны 153300 адамды құрайды. Оның ішінде   тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар  24,23% яғни 37099.

Қала бойынша 14-29 жас аралығы 37164 адамды қамтиды. Бұл 23% яғни 8547,7 (2018ж.-8470);  

3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі оқушылар саны  3236 (2018ж.-3186);

№1 БЖСМ 13 олимпиадалық спорт түрлері 1024 бала.

№2 БЖСМ 17 спорт түрі, оның 11 олимпиадалық спорт түрлері 1586 бала.

№3 БЖСМ 13 олимпиадалық спорт түрлері 628 бала.

Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар-103.

Бүгінде қаладағы 5 арнаулы оқу орындарында 4030 колледж студенттерінің  25% яғни 1007,5  (2018ж.-993) спортқа тартылған.

Жаңаөзен қаласы бойынша 24 білім беру ұйымдарында  32405 оқушы, 139 дене пән мұғалімі, 27 нұсқаушы және 139 спорттық секциялар  бар. Спорттық секциялар  4105 (2018ж.-4000)оқушыны қамтиды. Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 7 аула клубы жұмыс жасайды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялар, үйірмелерде 2906-тан (2018ж.-2890)  астам бала спортпен шұғылданады.

Мүгедектер спортына мән беріліп, мүгедек спортшылардың волейбол, шахмат, дойбы, футболмен шұғылдануына жағдай жасалынған. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубы қызмет істейді. 100-ге жуық мүгедек спортшы жүйелі түрде спортпен айналысады: «Алға» мүгедектер спорт клубы.

Қалада 43 спорт түрі дамытылуда, оның  37 олимпиадалық спорт түрлері.      Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту мақсатында бөлімге қарасты мекемелерде спорт секциялары ақысыз негізде жүргізіледі, сонымен қатар оқу-жаттығу процессінен бос кезде, сағат 20.00-ден 21.30-ға дейін тұрғындар үшін спорт түрлері бойынша шұғылдану мүмкіндіктері қарастырылған.

Бұқаралық спортты дамыту­ бағытында қалада өткізілетін дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді. Жыл басынан  республикалық деңгейде 7, облыстық деңгейде 14, қалалық деңгейде 28 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізілді. Қала спортшылары әртүрлі деңгейдегі 119 спорттық жарыстарға, турнирлерге іс-сапарға жіберілді.

Жаңаөзен қаласының спортшыларының жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалуы ең маңызды нәтиже болып табылады.

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен  бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта Жаңаөзендік Бекзат Нұрдаулетов жеңімпаз атанды.

Алматы қаласында 2019 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында кадеттер арасында өткен дзюдодан әлем чемпионатында Жаңаөзен қаласының азаматты Әділ Марлен қола жүлдегер атанды.

 2019 жылдың қазанда каратэ додан WKF Чили елі Сантьяго қаласында өткен әлем чемпионатында Байтуреев Еркінбек  қола жүлдегері атанды.

2019 жылдың 15-19 қазан аралығында Шетпе ауылында Қазақстан республикасының бірінші спорт шебері Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған 2004-2005, 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан өткен          І Республикалық ашық турнирінің нәтижесі бойынша Жаңаөзен қаласы екі бірінші орын және бес үшінші орынға ие болды. Командалық нәтижеде екінші орынды алды.

Қызылорда қаласында Кикбоксингтен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында Лоу-Кик бөлімінен 39 кг салмақта Қосыбай Ақжол І орынды жеңіп алды.

Үстел теннисі спортын насихаттау барысында 2019 жылдың қазан айының 05-06 күндері 35 жасқа дейін әйелдер 40-49, 50-59, 60-69, 70 тен жоғары жастағы ерлер арасында үстел теннисінен  V қалалық ашық турнир өткізілді. Турнир кестесіне сәйкес, сайыс 8 командалардың арасында өткізілді. Жеңіске жеткен командалар кубок және дипломдармен марапаталды.
           2019 жылы 07 қазан айында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы                    Ә. Тұяқовтың жүлдесі үшін 2002-2003, 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан  «Әминиада-2019» жарысы өткізілді. Сайыс қорытындысында 100 метрге жүгіруден: Ә. Майлыбаев, Г. Еңсеп; 200 метрге жүгіруден: Ә. Халы, А. Кадырова; 400 метрде: Б. Қамысбаев, Г. Нұрасыл; 800 метрде: Е. Қабылов, А. Ізтұрған;  1000 метрде: С. Микаянов, А. Кобылашова; Қашықтыққа секіруде: Ә. Майлыбаев, Г. Еңсеп жүлделі орындарды иеленді.  «Әминиада-2019» жарысы жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған бірегей жоба.

Өмірзақ Қалбайұлының 90 жылдығына арналған қазақ күресінен Республикалық турнирі өткізілді.

Жастар жылына арналған каратэ-до кекушинкай спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді. Ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті және 20 сәуірде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның 55 жылдығына орай жане «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан!» жобасына сәйкес Жаңаөзен қаласында өткізілген халықтық марафонының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар беріліп қала тұрғындарының көңілінен шықты.                     

             Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткен жылдың наурыз айының 12-14 күндері аралығында Республикалық деңгейде Отпан тарихи мәдени кешенінде Амал мерекесі тойланды. Мерекеге Жаңаөзен қаласынан «Жаңаөзен қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі     30 жылқы шабандоздарымен бірге улкен көшке яғни, Жаңаөзен - Ақтау –Ақшұқыр – Отпан  тау жол бағытымен алып барды.

14 наурыз Амал-көріс мерекесіне орай «Мұнайшы» мәдениет үйінің алдында армрестлинг, тоғызқұмалақ, гір көтеру, арқан тарту, қазақша күрес, асық атудан жарыстар өткізілді.

2019 жылдың 25 сәуір күні «Теңге ауылының 55 жылдығына орай, Жаңаөзен қалалық Қазақстан Республикасының Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өткізілді.

2019 жылдың мамыр айының 17-19 күндері аралығында бұқаралық спортты дамыту және спорт арқылы медицина саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген «Медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасы» өткізілді. Спартакиадада жеңіл атлетикадан 100 метрге жүгіру (ерлер, әйелдер), 4х100 метр эстафета (ерлер, әйелдер), арқан тарту (ерлер, әйелдер), шағын футбол және волейбол жарыс түрлері ұйымдастырылды. Спартакиада Ә.Тұяқов атындағы стадион, №2 БЖСМ, №2 орта мектептің спорт залдарында өткізілді. Спартакиадаға медицина саласы мекемелерінен 6 команда қатысты. Жеңімпаздарды дипломдар және төсалқалармен марапаттады.

Қаланың 2012-2020 жылдарға арналған экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында Жеке кәсіпкер Еділов Нұржан 2018 жылдың ақпан айында Жаңаөзен қаласының спорт саласын дамыту мақсатында, Рахат ауылы, Мерей шағын ауданы, Шоғы батыр көшесінен екі қабатты халықаралық стандарттарға сәйкес «Жақсы» дене шынықтыру спорт кешенінің құрылысын бастап, 2019 жылдың қараша айында толық қолданысқа берілді. Ғимараттың жалпы көлемі-1944,1 м2, сыйымдылығы –150-180 адам, 10 спорт үйірмелері жұмыс істейді.  Оның ішінде –спорт үйірмелер (футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика және т.б), бокс залы, каратэ-до, ауыр атлетика, күрес, тренажер, теннис және тағы басқада залдар қарастырылған, сонымен қатар спортшыларға арналған асхана жұмыс жасайды. Құрлысқа 290 миллион теңге жұмсалған.

Жеке кәсіпкер Агисов Жалғас 2018 жылдың ақпан айында Жаңаөзен қаласының спорт саласын дамуына үлес қосу мақсатында, «Шаңырақ» шағын ауданы, Рахмет Өтесінов көшесі, 11В ғимаратында орналасқан «Арлан» құрылысын бастап, 2019 жылдың желтоқсан  айында толық қолданысқа берді. Ғимараттың жалпы көлемі-1600 м2, сыйымдылығы –250 адам, 5 спорт үйірмелері жұмыс істейді.  Оның ішінде –спорт үйірмелер (футбол, баскетбол, волейбол, еркін күрес, көркем гимнастика, дзюдо) алдағы уақытта жоспарда ғимаратты кеңейтіп панкратион,  ережесіз жекпе-жек үйірмелерін қосу қарастырылған. Құрлысқа 80 миллион теңге жұмсалған.

 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның демеушілігімен спорт құралдарымен жабдықталған 10 воркаут (қала аумағында-7, іргелес елді мекендерде-3) спорт алаңдарын, «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілігімен Теңге (№17 орта мектеп) және Қызылсай (спорт кешені аумағында) ауылдарына 2 көп салалы ойын алаңдары салынды және «Алға мүгедектер» қорына спорттық жаттығу құрылғыларымен жабдықталды. Теңге ауылынан жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 футбол алаңы қолданысқа берілді.  Бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын сақтауға арналған спорт құралдары қала тұрғындарының спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Қазіргі кезде қаламызда дене шынықтыру спортымен айналысатын адамдар саны артып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда олардың саны 24,3%​-ға өсіп, отыз алты мыңнан астам адам қамтылды.

Маңғыстау облысы бойынша 23 желтоқсан 2019 жылы «Жыл үздігі-2019» байқауында «Спорт саласында үздік аудан» номинациясының жеңімпазы Жаңаөзен қаласы марапатталды.

 

 

 

 

 

 

«Жаңаөзен қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімінің» 2019 жылы өткізілген іс-шаралар есебі
Дата публикации
14 февраля 2020