Рахат ауылы әкімінің Табыншаев Өсербай Рысбайұлының 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі.
Құрметті әріптестер, жиналған қауым, 2019 жылғы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп бергелі отырмын. Есеп баяндамамды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ауыл әкімдігі аппаратына 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны – 1742 арыздар мен сауалдар келіп түскен.
|
№ |
Мәселелер |
Тұрғындардан келіп түскен сұрақтар |
||||
|
Ауыл әкімінің жеке қабылдауы |
Арыз арқылы |
Ватсапп желісі арқылы |
Инстаграм және фейсбук желісі арқылы
|
Ауыл әкімдігі аппаратына 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны |
||
|
1. |
Көше жарығы бойынша |
17 |
29 |
319 |
29 |
1742 |
|
2. |
Коммуналдық сұрақтар бойынша (ауыз су, электр жүйесі, тазалық) |
53 |
28 |
140 |
1 |
|
|
3. |
Автокөлік жолы |
25 |
36 |
76 |
4 |
|
|
4. |
Қаңғыбас иттер туралы |
12 |
31 |
54 |
8 |
|
|
5. |
Маршрут (жүру жиілігінің бұзылуы) |
11 |
15 |
25 |
3 |
|
|
6. |
Әлеуметтік мәселелер: - тұрғын үй сұрап келуі; - атаулы әлеуметтік көмек бойынша; - коммуналдық төлем берешегін бөліп төлету жөнінде; - күнделікті азық-түлік; - бір жолғы әлеуметтік көмек; - киім-кешек сұрап келуі; - материалдық немесе қаржылай көмек сұрап келгендер. |
135 |
632 |
59 |
- |
|
|
Жалпы саны
|
253 (қанағаттан-дырылды – 137, түсіндірілгені – 108, бақылауда – 8.) |
771 (қанағат-тандырылды – 283, түсіндіріл-гені – 421, бас тартылғаны – 67.) |
673 |
45 |
||
Барлық түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бақылауда тұрған арыздар жөнінде өтініш иелеріне хабардар етілді. Арыздарға жүргізілген жылдық мониторинг слайдта көрсетілген (көше жарығы, тазалық, автокөлік жолы, қаңғыбас иттер туралы, ауыз су (қысым төмендігі), маршрут (жүру жиілігінің бұзылуы) әлеуметтік мәселелер:
- тұрғын үй сұрап келуі;
- атаулы әлеуметтік көмек бойынша;
- коммуналдық төлем берешегін бөліп төлету жөнінде;
- күнделікті азық-түлік;
- бір жолғы әлеуметтік көмек;
- киім-кешек сұрап келуі;
- материалдық немесе қаржылай көмек сұрап келгендер.). және т.б.
Өткен жылғы есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан 9 ұсыныс келіп түскен болатын, осыған бір тоқталып өтсем:
|
№ |
Ұсыныстар |
Орындалысы |
|
1. |
Рахат ш/а, (Жемісті, Лалагүл, Алмалы, Көкорай, Самал көшелеріне 6,7,8,9,10) жарық бағаналарын орнатып, жарықтандыру; |
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді. Оны іске асыру 2020 жылға жоспарланған. |
|
2. |
Құланды тас жолы мен «Рахат» мейрамханасының қиылысына, «Бәйтерек» мейрамханасы мен Құланды тас жолы қиылысына, Құланды тас жолы мен «Мерей» ш/а, 46 көшесінің қиылысына бағдаршам орнату; |
Орындалды. |
|
3. |
Рахат-Ислам мешітінің айналасын аббаттандыру, саябақ құрылысын жүргізу; |
Рахат ислам мешітінің айналасындағы аумақты жақсарту мақсатында қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне хат жіберілді және қазіргі уақытта Жер кодексінің талаптарына сәйкес жерді таңдау және тиісті органдармен келісу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдың көктемінде абаттандыру жұмыстары басталады. |
|
4. |
Ауылдың «Жұлдыз», «Мерей» ш/а «Халық банк», «Каспии банк» банкоматтарын және терминалын орналастыру; |
Ауылдың супермаркет, шағын маркет кәсіпкерлік нысан иелерімен келісім жүргізілді, нәтижесінде «Жұлдыз» шағынауданында орналасқан «Жанұя» супермаркетіне «Халық банк» банкоматы орналастырылды. «Рахат» шағынауданында «Халық банк» филиалы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар 2020 жылы «Мерей» шағынауданында жалғасады. |
|
5. |
«Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей» шағынаудандарын телефондандыру; |
Рахат ауылында 8120 тұрғын үй бар. Оның ішінде Рахат шағын ауданының 1221 үйі ғана кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. Ал, қалған 3 шағынаудандағы үлердің саны 7000-ға жуық. Бұл бойынша интернет желісін тартушы жеке кәсіпкермен келіссөздер жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2020 жылы толық жүзеге асырылады. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Рахат ауылы Жұлдыз және Мерей шағын аудандарында Интернетке қосылудың төмен жылдамдығына байланысты қазіргі уақытта CDMA және LTE-4G сымсыз технологиялары арқылы Интернет және телефон байланысы қызметтерін ұсынуға мүмкіндік бар. |
|
6. |
«Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей» шағынаудандарына балалар ойын алаңшаларын салу; |
Бұл жұмыстар «Өзенвест» мемлекеттік кәсіпорны арқылы 2020 жылы әр шағынауданға 1 ойын және 1 спорт алаңшасын салу жоспарланған. |
|
7. |
Жаяу жүргіншілер жолын (тратуар) салу; (Құланды тас жолы бойына, «Ақсу» ш/а, Жосалы (12) көшесіне, «Балғынбаев» даңғылына, «Жұлдыз» ш/а, Шерқала көшесі (27), «Мерей» ш/а, 46 көшесіне); |
Бұл жұмыстар «Өзенинвест» МКК-ы арқылы 2020 жылы жүзеге асырылады. Бүгін «Мерей» шағынауданының 34-тен 61-ге дейінгі көше бойындағы тротуардың құрылысы басталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ұзындығы 5,5 км болатын Шерқала көшесінің бойындағы тротуарлардың құрылысы аяқталады. |
|
8. |
«Жұлдыз», «Мерей» ш/а-на қоғамдық көлікке арналған аялдамалар орнату (Құланды тас жолы бойына, «Жұлдыз» ш/а, Шерқала көшесі (27), |
Ауылда орналасқан барлық аялдамаларға талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған екі шағынаудандағы аялдама белгісі бар орындар саны – 13. Оның 8-де аялдама құрылысы бар. Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аялдамалар орнату керек жерлері белгіленіп берілді (жаңадан 10 орынға аялдама салуға). Тиісті актісі шығарылды (ТОО «СПК Каспий»). |
|
9. |
Қоғамдық көліктердегі Газель автокөліктерін Автобус автокөліктеріне ауыстыру; |
Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныстар берілді. |
Жергілікті бюджеттің игерілуі туралы
|
№ |
Бөлінген қаражат бойынша |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
|
1. |
Ауыл бюджеті |
558 841 мың теңге |
747 474 мың теңге |
777 482 мың теңге |
|
2. |
Салықтық түсімдері |
88 890 мың теңге |
142 540 мың теңге |
99 639 мың теңге |
|
3. |
|
|
|
|
2019 жылға бөлінген ауыл бюджеті 747 474 мың теңгені құрып, бөлінген қаражат 100 %-ға игерілді. 2020 жылға арналған ауыл бюджетінің көлемі – 777 482 мың теңге. Сонымен қатар, дербес бюджеттің қалыптасуына байланысты 2019 жылға бекітілген 116 131 мың теңге салықтар бюджетке түсу тиіс еді. Қазіргі таңда аталған түсімдер 123 %-ға артық орындалып, 142 540 мың теңгені құрады. 2020 жылға бекітілген жоспар бойынша 99 639 мың теңге салықтық түсім өндірілуі қажет.
Өздеріңізге белгілі, Жаңаөзен қаласына қарасты елді мекендердің ішінен Рахат ауылының халық саны көп және жылдан жылға артып келеді. Бұл біріншіден табиғи өсім болып табылады. Әрі қарай есеп беруді, демографиялық саламен жалғастырсақ.
Демографиялық сала:
|
№ |
Демографиялық көрсеткіштер |
2018 жыл |
2019 жыл |
Өсу немесе кему көрсетікіші |
|
1. |
Халық саны |
38 367 |
40 820 |
2 453 (өсу) |
|
2. |
Ерлер саны |
17 831 |
19 884 |
2003 (өсу) |
|
3. |
Әйелдер саны |
20 536 |
20 936 |
400 (өсу) |
|
4. |
Экономикалық белсенді тұрғындар саны |
22 002 |
22 312 |
310 (өсу) |
|
5. |
0 – 6 жас аралығындағылар саны |
4 213 |
6 688 |
2475 (өсу) |
|
6. |
6 – 16 жас аралығындағылар саны |
9 102 |
8 909 |
193 (кему) |
|
7. |
16 - 63 – жас аралығындағылар саны |
22 866 |
22 112 |
754 (кему) |
|
8. |
63 және одан жоғары саны |
2 186 |
3 111 |
925 (өсу) |
|
9. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны |
864 |
873 |
9 (өсу) |
|
10. |
Дүниеге келген нәресте саны |
1 404 |
1 407 |
3 (өсу) |
|
11. |
Ауыл бойынша қайтыс болған тұрғындар саны |
117 |
104 |
13 (кему) |
|
12. |
Көп балалы аналар саны (оның ішінде, алтын алқа, күміс алқа, қола алқа алғандар) |
1 611 |
1 686 |
75 (өсу) |
Статистикалық мәліметке сәйкес, Рахат ауылы бойынша тұрғындар саны 40820 адамды құрап отыр. Оның ішінде ерлер саны – 19884, әйелдер саны – 20936. Өткен жылмен салыстырғанда, 2453 адамға өсім бар.
Жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстары жөнінде
Ауылда 5 орта мектеп пен 1 мемлекеттік балабақша және 4 жекеменшік балабақша қызмет атқарады.
Орта білім беретін мектептерге тоқталатын болсақ, жалпы білім алатын оқушылар саны –9633, мұғалімдер саны - 753. Мектеп оқушыларынан 2040 бала ыстық тамақпен қамтылды.
2019 жылғы мектеп бітірген түлектер саны – 349 болса, Ұлттық Біріңғай Тест тапсырған түлектердің саны – 310. Жалпы орташа ұпайдың көрсеткіші – 95 пайызды көрсетіп, қала және оған іргелес жатқан елді мекендердің ішінен жоғары көрсеткіш көрсете алды. 126 түлек грантқа түссе, жоғары оқу орнына түскендер саны – 204, орта кәсіптік оқуға түскендер саны – 128, жұмысқа орналасқандар саны – 17.
Барлық мектептер 10-20 МБиттен тұратын кең жолақты интернет желісімен, бейнекамерамен, көлікпен қамтамасыз етілген.
Жыл сайынғы жазғы демалыс кездері балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету үшін ауылдың №15, 18, 21, 23 орта мектептерінде демалыс лагерлері ұйымдастырылып, бес кезеңмен барлығы 384 бала қамтылды.
«Ақсу» шағынауданында орналасқан 2007 жылы қолданысқа берілген 760 орындық Жаңаөзен политехникалық колледжінде қазіргі таңда – 760 студентке 60 мұғалім дәріс оқиды. Аталмыш колледжден 2019 жылы 221 студент бітіріп, олардың бүгінгі таңда 40 пайызы жұмыспен қамтылған.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары:
Рахат ауылында 1 (бір) Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Рахат бөбекжай-бақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2018 жылы қала әкімінің тапсырмасы бойынша оңтайландыру мақсатында біріктіріліп, атауы өгертілді. Сыймдылығы - 920 орын, қазіргі таңда – 920 бала тәрбие алады, тәрбиешілер саны– 221.
Рахат ауылында 4 (жеке меншжеке меншік) балабакша орналасқан. Онда, бүгінде тәрбиеленуші бала саны – 935, тәрбиеші саны – 82. Мектепке дйінгі білім беру мекемелерінде балалардың кезегі жоқ, барлығы да өз деңгейінде қызмет етуде.
Ауылымыздағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың кезегі жоқ, барлығы да өздерінің сыйымдылығына сәйкес қызмет етуде. 2019 жылы Рахат ауылы, Ақсу шағынауданында 200 орындық екі жеке меншік балабақша құрылысын аяқтап, 2020 жылы жұмысын бастауға дайын.
Денсаулық сақтау саласы.
Рахат ауылында 250 келушіге арналған емхана орналасқан. Емхана 2018 жылы қалалық орталық емханасынан бөлініп, өз алдына бөлек №3 Рахат емханасы болып құрылды. Ауылда тұрғындар санының артуына және жедел жәрдем қызметкерлерінің шақырушыға уақытылы көмек көрсету үшін ауылдың әкімшілік ғимаратының ішінен арнайы жедел жәрдем қызметі үшін барлық жағдайы жасалған бөлме бөлінген. Емханада және жедел жәрдем бөлімінде 55 дәрігер және 206 медперсонал қызмет етеді. Республикалық "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша "Рахат" ауылдық емханасына 4 дәрігер жұмысқа орналасып, халыққа қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ, ауылдың Мерей шағынауданынан 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, құрылыс жұмыстарына Республикалық бюджеттен қаражат сұрап ұсыныс берілді. Бұл жоба ҚР Үкіметімен бекітілген Жаңаөзен қаласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде 2021 жылы орындалмақ.
|
№ |
Мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмектер |
2018 жыл |
2019 жыл |
|
1. |
Мемлекеттік бір жолғы әлеуметтік көмек алған отбасы саны, қаражаты |
153 отбасы, 50 млн 745 мың теңге |
190 отбасы, 4 млн 810 мың теңге |
|
2. |
Атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны, қаражаты |
150 отбасы, адам саны – 870, 35 млн 428 мың теңге |
782 отбасы, адам саны – 3910, 820 млн 520 мың теңге |
|
3. |
Ауған соғысының ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне 9 мамыр Жеңіс күніне орай |
Әрқайсысына – 120 250 теңгеден жәрдемақы берілді. |
34 млн 693 мың теңге жәрдемақы берілді.
|
Әлеуметтік сала: Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға бөлінген қаржы көлемі төмендегідей, яғни:
Ауылымыздың әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен ауылдың кәсіпкерлері тарапынан түрлі деңгейде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар кезінде аталмыш отбасыларға азық-түлік, киім-кешектер, қаржылай көмектер жүйелі түрде көрсетілді.
|
№ |
Ауыл кәсіпкерлерінің көмекке мұқтаж отбасыларға көмектесу көрсетікіші |
Көлемі (қаржылай) |
|
1. |
Көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай көмектесуі |
1 787 200 теңге |
|
2. |
Жеке кәсіпкерлер, Рахат ислам мешіті және ауыл тұрғындары мүжәлсіз отбасыларға азық-түлікпен қамтамасыз ету |
703 000 теңге |
|
3. |
Өрт оқиғасынан зардап шеккен 3 отбасыға көмектесуі |
1 200 000 теңге |
|
4. |
Ауылымыздың Жұмағалиев Нұрғазы («Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы бастапқы қаражатына «Шаңырақ жылуы» қоғамдық қоры көмектесті) мен Тажигулов Оразғалидің («Харекет» қайырымдылық қоры көмек көрсетті) көп балалы екі отбасысына тұрғын үй алуына жағдай жасалды. |
5 500 000 теңге |
|
5. |
Өткен жылдың соңында болған өрт апатынан зардап шеккен отбасыға демеушілердің көмегімен баспана сатып алып берілді («Ақсу» шағынауданы, Б.Момышұлы көшесі, №63 үй).
|
18 500 000 теңге |
|
Жалпы қаражат көлемі |
27 690 мың теңге |
|
Жұмыспен қамту саласы бойынша
|
№ |
Халықты жұмыспен қамту |
2018 жыл |
2019 жыл |
|
1. |
Тұрақты жұмыспен қамтылғандар |
1263 адам |
1350 адам |
|
2. |
Қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер |
307 адам |
570 адам |
|
3. |
Жастар практикасы бойынша |
44 адам |
51 адам
|
|
4. |
Арнайы оқу курсынан өткендер |
44 адам |
49 адам |
|
5. |
Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны |
2632 адам |
2671 адам |
|
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны |
1750 адам |
2020 адам |
|
Жыл сайын Республикалық «Жасыл ел» бағдарламасы жұмысын жасап келеді. Оған ауылдың тұрмыстық деңгейі төмен, отбасылық материалдық жағдайы төмен, мүжәлсіз отбасының балаларын кезең-кезеңімен маусымдық жұмысқа тартылды. Онда барлығы 88 - бала жұмыспен қамтылды. Олардың міндеті, ауылдың көгалдандырылуы мен ауылдың тазалық жұмыстарын жүргізу болып табылады. Нәтижесінде көше бойларын ақтау, электр бағаналарын сырлау және орталық көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, өздеріңізге белгілі, жұмыс мәселесі қазіргі таңда, ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Рахат ауылында өндірістік аймақтар жоқ. Ауыл тұрғындары қала аумағында орналасқан әр түрлі мекемелерде жұмыс жасайды. Алайда, халық саны жылдан жылға артып келе жатқандығына байланысты, орта буын жастарды, жоғарғы және кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітіріп, маман иесі болып шыққан азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қиындық туғызуда. Дегенмен, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жұмыстар атқарылуда. Жаңа жұмыс орындарын құруға басты бағыт-кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Сондықтан, азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысуға жағдайлар жасалуда.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауылымызда 250 шағын бизнес субъектілері және 5 шаруа қожалығы тіркелген. Бұлар бүгінгі күні өз істерін дамытып ауыл экономикасына өз үлестерін қосып, 442 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде, мейрамхана, наубайхана, азық-түлік дүкендері, шағын және супермаркеттер, шаштараздар, тігін цехы, автобөлшектер сататын дүкендер, автокөлікті газбен жабдықтау орталығы, құрылыс материалдарын сататын дүкендер, дәріханалар, кафе-бар, пластикалық терезе мен есік жасайтын цех, көлік жуу орталығы, көлікке қызмет көрсету орталығы, т.б. бар.
|
№ |
Атауы |
2018 жыл |
2019 жыл |
|
1. |
Кәсіптік нысандар |
240 (оның 195-і қызмет көрсетуде) |
250 (оның 210-ы қызмет көрсетуде) |
2019 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларын халық алдында кеңінен түсіндіру мақсатында екі рет жиналыс және екі мәрте ашық есік күні өткізілді. Жиналыс аясында, ауыл тұрғындарының өзін-өзі жұмыспен қамту, ауыл кәсіпкерлерінің алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау, шешу жағдайларын қарастыру сияқты мәселер қаралды.
|
№ |
Ауыл кәсіпкерлеріне арналған қолдаулар |
2018 жыл |
2019 жыл |
|
1. |
«Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы несие алғандар саны, көлемі |
6 кәсіпкер, 26 млн.теңге |
8 кәсіпкер, 32 млн.теңге |
|
2. |
Өңірлік «НұрКапитал» жобасы аясында несие алғандар саны, көлемі |
- |
3 кәсіпкер, 66 млн.теңге |
|
3. |
Жаңа кәсіп бастауға қайтарымсыз грант алғандардың саны |
2 кәсіпкер |
38 кәсіпкер |
Ауыл бойынша 2019 жылы 234 адам кәсіпкерлік негізде «Бизнес кеңесші» оқу курсын оқып, сертификат алды. Оның 38 адамы грант иегері атанған (505 мың.теңге – 37 адам, 252 мың теңге – 1 адам).
Сондай–ақ, биыл «Zhas Project» жобасы аясында ауылдың 13 тұрғыны өз кәсібін бастап кетті. Ауылдың тыныс-тіршілігіне, қайырымдылық шараларға, қысқы-күзгі дайындық шараларына белсенді араласып, өз қолдауларын тигізіп отыр.
Республикалық "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша:
Республикалық "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауыл бойынша қарқынды жүріп жатыр. Жыл сайын жас мамандар, оқу орындарын бітіріп, маман иесі атанып, өз кәсібін ауыл аумағынан бастап жүр. Рахат ауылының экономикалық тартымдылығы, кадрларды тарту мәселесі жақсы деңгейде. Осы жылы 13 маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылданған.
Қазірдің өзінде, Рахат ауылынан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында барлығы 93 жас маман (16 437 750 теңге) көтерме жәрдемақы алған. Осы бағдарламамен несие алғандар саны – 16 (білім беру саласы 11, денсаулық сақтау саласы - 5. Жалпы сомасы – 60 600 000 теңге. Бұл жұмыстар да әрі қарай жалғасуы тиіс деп есептеймін.
Тазалық мәселесі
2019 жылы көң – қоқыс төгетін арнайы орынды дұрыс пайдалану және ұстау мақсатында бюджеттен 57 166 000 мың теңге қаражат қарастырылып, 100% игерілді. Рахат ауылының санитариялық тазалығы бойынша 3 (үш) тазалық цехі қызмет көрсетеді. Онда – 136 адам еңбек етеді. Ауылдағы шағынаудандарда барлығы – 602 қоқыс контейнері бар. Олардың ішінде, 200 қоқыс контейнері жаңадан ауылдың негізгі көшелеріне орнатылды. 2019 жылы тазалық айлары шеңбері бойынша ауылымызда штаб құрылып, тазалық жұмысы шарасы өткізілді. Штаб мүшелеріне ауыл көшелері тазалығын бақылау мақсатында көшелер бекітіліп берілді. Айлық шеңберінде сырлау, әктеу-әрлеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл әкімдігі тарапынан олардың жұмыстарына тиісті тапсырмалар беріліп, қадағаланып тұрады. Сонымен қатар, «Жұлдыз» шағынауданының оңтүстік бөлігінде орналасқан ауданы 200 000 м2 болатын бұрынғы күл-қоқыс алаңы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы арқылы бульдозер алынып (қазан-қараша айлары), аталған жер толықтай тегістеліп, қалыпқа келтірілді.
Ауылды абаттандыру және көгалдандыру
Рахат ауылының абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бюджеттен 13 100 мың теңге бөлініп, есептік кезең бойынша толық игерілді (орындалысы – 100 пайыз). Ауылдың көгалдандыру жұмыстарына жауапты Жеке кәсіпкер «Перизат», шаруашылық иесі – Болымбетов Ақан. Ауылішілік жасыл-желектер кестеге сәйкес, уақытылы күтім жасалып, суарылып отырады. Ағымдағы жылдың көктем айында 668 түп ағаш егілді. Ауылымызда 5000-нан аса жасыл-желек ағаштары бар. Ауыл әкімдігі тарапынан олардың жұмыстарына тиісті тапсырмалар беріліп, қадағаланып тұрады.
«Рахат» шағынауданы, Қызғалдақ көшесіндегі жаяу жүргінші жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме – «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау корпоративтік қоры. Бөлінген қаржы көлемі – 5 560 000 теңге. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталды.
Көше жарықтары
2019 жылы ауыл көшелерін жарықтандыруға 46 500 000 теңге бөлініп, 100% игерілді. Техникалық қызмет көрестуге жауапты мекеме – «Сатаева» жеке кәсіпкерлігі. Сонымен қатар, тұрақты түрде кешкі мезгілде көше жарықтарының жетіспеушілігін, ауыл көшелерінің қауіпсіз болуын қадағалау мақсатында арнайы іс-шаралар өткізіліп, тиісті жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрды. Ауыл бойынша жарық бағаналарының саны – 8854.
Қоғамдық тәртіп
Рахат ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда. Ауылда 4 учаскелік полиция қызметкерлері мен 8 полиция көмекшілері жұмыс жасайды. Барлығы – 12 қызметкер. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады.
|
№ |
Тіркелген қылмыстар |
2018 жыл |
2019 жыл |
|
1. |
Ұрлық (мал) |
103, ашылғаны – 99 |
134, ашылғаны – 76 |
|
2. |
Бұзақылық |
4, ашылғаны – 4 |
36, ашылғаны – 32 |
|
3. |
Есірткімен айналысу |
3, ашылғаны – 2 |
3, ашылғаны – 3 |
|
4. |
Араққұмар есебінде тұрғандар саны |
113 |
42 |
|
5. |
Есірткі затымен есепте тұрған азаматтардың саны |
8 |
19 |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, ауылдың полция тірек пункті қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Соның бірі ретінде, 2019 жылдың қараша айында ауылдың полиция тірек пункті қызметкерлерінің 11 айлық есебі хылақ алдында тыңдалды. Есеп беру кезінде, 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы қылмыстың көбі ұрлық болып келетіндігі туралы баяндама жасалды. Ұрлықтың, қылмыстың алдын алу мақсатында, әр бір тұрғын үй иелері өз үйлеріне дабыл қондырғысын орнатуға болатындығы хабарланды. Осы есеп беру кезінде ауыл тұрғындарына тағы да бір ескертіп кеткім келіп тұр. Қылмысты алдын алу үшін қоғамның көмегі өте зор.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша.
Рахат ауылы ауыз су, электр желісімен, газбен толықтай инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, ауыз су құбырының ұзындығы – 304,9 шақырым, электр желісінің ұзындығы – 940,56 шақырым, газ желісінің ұзындығы – 7539 шақырымды құрайды.
Өзіңізге белгілі, жаз мезгілі, ауыз судың қысымы азайып, Жұлдыз, Мерей шағынаудандарының тұрғын үйлеріне қысым төмен барады.
Сондықтан, су тазарту ғимаратынан Мерей шағынауданына дейін ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Айдана – К» ЖШС. Су құбырының ұзындығы 12,4 шақырым. Насостық станцияның жер қазу жұмыстары жүргізіліп, нөлдік жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, су құбырлары (диаметрі 450 мм) салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. 2020 жылға 173,5 млн тенге қаралды. Нысан 2020 жылы мамар айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ауыл бойынша өзекті болып отырған мәселенің бірі – автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары екенін бәріміз білеміз.
Жалпы ауыл бойынша жолдың ұзындығы – 149,22 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальттанғаны 54,4 шқ.
Ауылда барлығы 96 көше бар, оның 10 көшесі асфальтталған.
Асфальттанбаған бөлігі көп.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілген болатын. Жоспарда ауылдарға жаңадан жол салу көзделген. Осыған орай 2020-2025 жылдар аралығында автокөлік тас жолдарын салуға, жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, тиісті қаражаттың бөлінуі үшін бюджеттік өтінім берілген болатын.
Кешенді жоспарға сәйкес, жүргізіліп жатырған құрылыс жұмыстары бойынша:
2020 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары:
«Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылындағы Ақсу жəне Жұлдыз шағынаудандарының автокөлік жолы құрылысы» ЖСҚ-сы (Жобада Аксу ш/а Әбілхайыр хан, Ж.Дәуітов, Б.Момышұлы, Б.Тұрниязұлы көшелеріне және №4 бұрылыс Жаңаөзен - Құланды тас жолынан Жұлдыз шағынауданы Шерқала көшесіне дейінгі аралыққа автокөлік жолдарының құрылысын жүргізу қаралған) 20.03.2019 жылы сараптамадан өткізіліп, №KAZE-0001/19 санды ОҢ қорытындысы негізінде жалпы ұзындығы 9,9 шақырым, сметалық құны 359,537 млн.теңге . Қазіргі таңда РБ 311,4 млн.теңге және ЖБ 42,3 млн.тг. қаражат бөлінді. Аталған жобалық-сметалық құжаттамалар Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша 2020 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Маршрут бойынша
Ауылда жолаушылар тасымалымен 4 маршрут айналысады. Олар №5, №10, №11, №12 маршруттар. Маршруттардың қызметі ауыл әкімшілігінің үнемі бақылауында. Тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстармен жұмыстанудамыз.
Телефондандыру бойынша
Рахат ауылының пошта бөлімшесі Ақсу шағынауданындағы «Ерлан» сауда үйі ғимаратының бір бөлмесінде орналасқан. Телефон желісімен «Қазақтелеком» АҚ-ны қамтамасыз етеді. Ауылда абоненттер саны 1221 жеке тұрғын үй телефон желісімен қамтылған.
Ауылдың басқа тұрғын үйлерін телефондандыру бойынша жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, бюджеттік өтінім беріледі.
Ұлттық сандық «Отау-ТВ» спутниктік телеарнасымен ауылдың барлық тұрғын үйлері қамтылған.
Рахат ауылының Жұлдыз, Мерей шағынаудандарында интернет желісінің байланыс жалдамдығы аз болуына байланысты, қазіргі таңда CDMA және LTE-4G сымсыз технология арқылы интернет желісіне қосылу және телефония қызметін ұсынуға мүмкіндік бар.
Рахат ауылында 8120 тұрғын үй бар. Оның ішінде Рахат шағын ауданының 1221 үйі ғана кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. Ал, қалған 3 шағынаудандағы үлердің саны 7000-ға жуық. Бұл бойынша интернет желісін тартушы жеке кәсіпкермен келіссөздер жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2020 жылы толық жүзеге асырылады. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Мәдениет саласы.
2019-2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласы дамытудың Кешенді жоспары аясында Рахат ауылында 300 орындық мәдениет үйін 2019 жылы салу жоспарланған (жобалық құны 590,4 млн.теңге). 2019 жылы құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Нұрболат» ЖШС-і жеңіп алған. Келісім шарт құны - 555 871 млн. тенгені құрайды. Алайда, бюджет тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Мәдениет үйі бойынша, жер қазу жұмыстары аяқталып, жер төленің құрылыс жабдықтары (блоктар) алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға 535,0 млн.тенге қаражат қажет етеді. 2020 жылға 100 млн.тенге қаралды.
Дегенмен, ауыл көлемінде түрлі деңгейде мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Оның ішінде, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын ауыл кәсіпкерлерімен бірлікте өте жақсы ұйымдастырылғандығын атап өтуге болады.
Спорт саласы.
Рахат ауылы, «Мерей» шағынауданы, Шоғы батыр көшесінен жаңадан 500 орындық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені бой көтерді. Мұның иесі жеке кәсіпкер – Эдилов Нұржан Закарияұлы. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың ақпан айында басталып, 2019 жылдың қараша айында ел игілігіне пайдалануға берілді. Жоспарланған барлық қаражат көлемі 350 млн.теңге. Онда, әр түрлі бағыттағы спорттық салалар бойынша үйірмелер ашылды (Бокс, күрес түрлері, ауыр атлетика, үстел тенисі, футбол, валейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, көркем гимнастика және т.б.). Қазірдің өзінде, 550 жасөспірім спорт үйірмелеріне қатысады.
Ауыл шаруашылығы бойынша.
Рахат ауылының мал басының саны – 1437, соның ішінде: ірі қара мал саны – 79 бас, жылқы саны – 406 бас, түйе саны – 2237 бас, ұсақ мал саны – 715 бас, құс саны – 206 бас.
Ауыл бойынша мал ауруының алдын-алу мақсатында екпе жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Ірі қара мал және қой ешкілер сырғаланып дерекқорға енгізілді. 2019 жылы қыркүйек айына дейін ауыл тұрғындарының өтініштерін негізге ала отырып, Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі ауыл маңында иесіз жүрген 826 иттің көзі жойылды. Қосымша ауыл әкімдігінің тарапынан қабаған иттері бар әрбір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілуде. Бұл жұмыс үстіміздегі жылы да жалғасын табады.
Соңғы кездері төрт түлік мал салдарынан жол көлік оқиғаларының орын алуына байланысты, қауіпсіздікті алдын алу мақсатында, ауыл тұрғындарының мал иелеріне қарамағындағы малдарға жарық шағылыстыратын таспалар ілу, ірі қара малдарын чиптеу керек екендіктері туралы түрлі деңгейде жиналыстар ұйымдастырылып, нәтижесі бақылауда тұр.
Сонымен қатар, малдардың белгіленбеген жерлерде жайылып, қараусыз жүруі ауылдың көгалдандыруына кері әсерін тигізіп жатырғандығы және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай әкімшілік жаза қолданылатындығын туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соның тәтжесінде, ауыл әкімдігі, жергілікті полиция қызметі және айыптұрақ иесімен меморундум жасақталып, ауылдағы қоғамдық орындарда қараусыз бос жүрген төрт-түлік жануарларын уақытша ұстайтын «Айыптұрақ» қызметі басталып, жүргізілуде.
Яғни, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/353 «Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, егер, алдағы уақытта ауыл тұрғынының атына тіркелген төрт-түлік үй жануары Рахат ауылының санитариялық аймақтарында, көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және көпшілік жиналатын орындарда қараусыз жүрген жағдайда арнайы «Айыптұрақ» нысанына жеткізіледі. Бақылаусыз қалған жануарларды арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, асырау (жемдеу, сумен қамтамасыз ету, ветеринариялық қызмет көрсету) шығындарын «Айыптұрақ» берген шоттарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелері өтейді. Айыптұрақта бақылаусыз төрт-түлік жануарлары алты ай бойы (ірі қара мал, жылқылар, түйелер) және екі ай (ұсақ мал) ұсталып, егер олардың иелері табылмаса, мұнан былай мемлекет меншігіне беріледі. Сонымен қатар, Осы Қағиданы бұзғаны үшін жануардың иесі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады (505-бабы бойынша). Айппыұл мөлшері 20АЕК-тен 100АЕК-ке дейін өтеледі. Қазіргі таңда, бұл жұмыстар жүзеге асырылды.
Қорыта келе,атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсам:
- «Өзенинвест» МКК-мен бірге «Ақсу» шағынауданы, Айдаров көшесінің бойында орналасқан жаяу жүргінші жолдарына мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасап, жөндеу жұмыстары жүргізілді;
- Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Рахат» шағынауданы, №15, №18 орта мектептің алдында орналасқан автокөлік жолының бойына қоршау жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргінші жолы жаңартылып, көше жарығы бағанасы орнатылды. №21, 23 орта мектептердің алдында орналасқан автокөлік жолының жаяу жүргінші жолағына көше жарығы бағанасы орнатылды.
- Ауыл ішіндегі жаңбыр суы өте көп жиналатын көшелерге жергілікті өндірістік «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажетті техника бөлуімен (Рахат шағынауданының Саяжай, Гүлмайса көшелеріне, А.Айдаров даңғылының бойына) дренаж-суағар жұмыстары жүргізілді.
Ал, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды атап өтетін болсақ,
- Осы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған «Ақсу» шағынауданы Әбілхайыр хан, Ж.Дәуітов, Б.Момышұлы, Б.Тұрниязұлы көшелеріне және «Жұлдыз» шағынауданының №4 аралығы Жаңаөзен-Құланды тас жолынан Шерқала көшесіне дейін аралықтағы асфальт жолдарының құрылысына бақылау жүргізу;
- 300 орынды Рахат ауылдық мәдениет үйі құрылысына бақылау жасау;
- Шерқала, Жосалы, Мерей шағынауданындағы 34-61 көшелерінің №3 аралығындағы жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысын салу;
- кешенді жоспардағы Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз шағынаудандарындағы дренаждық жүйесінің және нөсерлік кәріз құрылысын салдыру;
- Рахат ауылы, «Рахат» шағын ауданының Жемісті, Лалагүл, Алмалы, Көкорай, Самал көшелеріне және «Жұлдыз» шағын ауданының Ер Бегей, Есір Айшуақұлы және Жалғас Айтеновкөшелеріне жарық шамы бағаналарын орнату;
- Жұлдыз және Мерей шағынаудандарына арнайы жүргізіліп жатқан ауыз су құбырының құрылысының жұмысына бақылау жасау
- Мерей шағынауданына «Халық банк» банкоматтарын орнату
- Құланды тас жолы, Айдаров көшелерінің көше жарықшамдарын ауыстырылуына бақылау жасау
- ауылымыздағы әрбір шағынауданға қондырылатын ойын және спорт алаңшаларының орнатылуына бақылау жасау т.б. ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша атқарылатын қызметтердің көрсетілуіне бақылау жасау
Сонымен қатар, басқа да мәселелер алдағы уақытта рет – ретімен өз шешімдерін табатын болады. Бірлесе көтерген жүк жеңіл дейді, сондықтан алдағы жоспардағы істерді бірлесе атқарамыз деп ойлаймын.Елдің жағдайын жақсарту тек биліктің ғана еншісінде емес екендігін әрбір саналы ауыл азаматы түсіну керек, ауылдың көркеюіне атсалысу керектігін ұмытпаған жөн, билік орындары да белгіленген жоспарлар, қойылған мақсаттарына елмен бірлесе атқарған қызмет пен ауызбірлік арқылы ғана жете алады деп ойлаймын.
Құрметті ауылдастар. Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық даму мақсатындағы жұмыстары алдағы жылдары да жалғасын табады және баршаңызды бірлесе жұмыстануға шақырамын.