«Өзенэнергосервис» МКК-ның Жаңаөзен қаласы мен іргелес ауылдарда атқарған жұмыстар бойынша
АҚПАРАТ
«Өзенэнергосервис» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорыны экономикада табиғи монополия субъектісіне жатады. Жаңаөзен қаласы әкімінің шешімімен бекітілген жарғысында белгіленген міндеттері бойынша ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменттен алған лицензия мен 02.09.2009 жылғы №03/1636 бұйрығына сәйкес, кәсіпорын тиісінше негізгі және өзге қызмет түрлерімен айналысады. Өндірістік қызмет көрсету түрі – «Тәулік бойы» (Круглосуточное производство).
Негізгі қызметі:
1.Электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым- «Электр жүйелері» ЖШС-мен шарттық қатынаста тұрған тұтынушыларға дейін электр энергиясын беру және тарату;
2.Электр станцияларын, электр желілерін және қауіпті өндірістік объектілерінде қолданылатын кіші станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық кіші станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) тұтынушымен арадағы бөлу шекарасына дейін пайдалану.
Өзге қызметі:
1.Электр есептегіштерді орнату;
2.Тұтынушыларды электр энергиясына қосу;
Қазіргі таңда кәсіпорын теңгерімінде қала мен қарасты ауылдарды қосқанда "Рахат-110/6 кВ" қосалы станциясы, 14 РП-6 кВ тарату торабы, 68 ТП-6/0,4кВ трансформаторлық пункты, 176 КТПН-6/0,4 кВ шағын трансформатор станциялары мен 1209 шақырым ұзындықта электр желісі бар.
Аталған электр желілері арқылы жыл сайын орта есеппен тұтынушыларға дейін 210 млн кВт/сағат көлемінде электр энергиясы таратылуда.
Жаңаөзен қаласы мен қарасты ауылдарды қосқанда барлығы 28624 абонент бар, соның ішінде:
көп қабатты тұрғын үйдегі абонент саны 15048
Жеке тұрғын абоненттер саны 13576
Коммерциялық абонент саны 1636
Бюжеттік ұйымдар 124
Қазіргі таңда электр энергиясының шығынын алдын алу мақсатында жыл басынан бері 1370 абоненттің электр есептегіштері жаңасына ауыстырылды, электр энергиясын заңсыз пайдалану фактылерін алдын алу үшін реид шаралары күнделікті жүргізілуде.
Жаңаөзен қаласы бойыша:
Қала бойынша барлығы 17216 абонент электр энергиясын тұтынуда. Электр желісінде болатын апаттық сөнулердің алдын алу мақсатында қала мен іргелес шағын аудандардағы трансформаторлық станциялар мен электр желілеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, қала ішіндегі 797 метр 6 кВ-ті жер асты кабель желілері жөнделді, яғни "Самал" ш/а мен "Көктем" ш/а-ғы ТП-3-01-ТП-44, "КС-Узень-110/6 кВ" қосалқы станциясы мен "Өркен" ш/а-ғы РП-3, ТП-5-03, ТП-5-02-ТП-5-06 аралығы, "Көктем" ш/а-ғы ТП-43-ТП-44, ТП-42-ТП-43, "Шаңырақ" ш/а-ғы ТП-1-02-ТП-1-04, ТП-1-02А-ТП-1-13 аралығындағы 6 кВ кабел желілері жөндеуден өтті. Сонымен қатар трансформаторлық пунттер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аралығындағы 1897 метр ұзындықта 0,4 кВ жер асты кабель желілері жөнделді, яғни жарамсыз болған желілерінің орнына жаңадан кабель желісі салынды. Көпқабатты тұрғын үй жер төлесіндегі инженерлік жүйелерде апаттық, төтенше жағдайларды жою мақсатында, "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал" ш/а-дағы үйлердің жер төлелерінде 631 метр 0,4 кВ кабель желісі ауыстырылды. "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем" ш/а-дағы трансформатор пункттеріндегі трансформаторының барлығы 1500 тонна трансформатор майы ауыстырылып, жаңадан жүктемеге сәйкес автоматты ажыратқыштар орнатылды. «Самал» ш/а-ғы ТП-3-04 трансформатор ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, «Мамыр» ш/а-ғы су астына қалуы мүмкін шағын КТПН-6/0,4 кВ трансформаторлар астына бетонды блоктар қойылып қауіпсіз деңгейге биіктетілді. "Бостандық" ш/а Асау Барақ көшесіне КТПН-6/0,4 кВ трансформаторы орнатылды.«Бостандық» ш/а жаңадан салынған дренаждық су сораптарын іске қосуға бір шағын трансформатор станциясы мен 650 метр ұзындықта 0,4 кВ әуе желісі салынды.
"Жаңаөзен қаласынының қолданыстаға электр желілерін құрылымдау және кеңейту" жобасы аясында қала бойынша салынған жаңа 29 трансформаторлық пункттер іске қосылып, қізіргі таңда қолданысқа берілді.
Рахат ауылы:
Ауыл бойынша 9035 абонент электр энергиясы тұтынуда, қазіргі таңда "Жұлдыз" ш/а орналасқан "Рахат-110/6кВ" қосалқы станциясының жұмысын тұрақтандыру үшін ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, яғни КРУН ұяшықтарындағы шиналарды тазалау, бұрандаларын қайта қатыру, ажыратқыштарын тазалау, жарамсыз кабел желілерін ауыстыру шаралары. "Жұлдыз" ш/а-ғы КТПН-6/0,4 кВ трансформаторларының сыртқы қоршаулары жөндеуден өтті, "Мерей" ш/а-ғы №51-54 көшенің кернеуін тұрақтандыруға 110 метр 0,4 кВ әуе желісі салынды. «Рахат» ш/а-ның 4-ші көшесіндегі шағын трансформатордың кернеуі көтеріліп, тұрақтандырылды. "Мерей" ш/а-дағы қисайған әуе желісінің бағаналары түзетіліп, сымдарын қайта тартып, керу жұмыстары жүргізілді.
Теңге ауылы:
Қазіргі таңда «Өзенэнергосервис» МКК Теңге ауылы бойынша электр желілеріне қызмет көрсетуде. Ауыл бойынша 1338 абонент бар.
Жыл басында К. Байсейтова мен Ш. Айманов көшесі тұтынатын КТПН-1/2 трансформаторы жөндеуден өтіп, қуаты 400 А автоматты ажыратқыштар орнатылды. № 11 мектеп трансформаторы ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар КТПН-1/1, 1/2, 1/3, 1/4 трансформаторларындағы ШС-10 оқшаулағыштары бөлшектеліп орнына ШФ-20 оқшаулағыштары орнатылды. Ауыл әкімшілігі жанындағы КТПН трансформаторына коэффиценті 75/5А трансформатор тогы орнатылды.
Д. Нұрпейсова көшесіндегі талапқа сәйкес келмейтін 0,4 кВ әуе желісі алынып, орнына бір шақырымды құрайтын АС-50 сым желісі тартылды. Ауыл бойынша РП-Тенге, РП-Восточный тарату торабтарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қызылсай ауылы:
Қазіргі таңда ауыл бойынша 1035 абонент электр энергиясын тұтынады. Ауылдағы РП-Қызылсай тарату торабының ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар Жаңақұрылыс көшесінің 800 метр 0,4 кВ әуе сым желісі жаңартылды. Ауыл сыртындағы шаруа қожалығына орнатылған 100 кВА КТП-6/0,4 кВ трансформаторына дейін 850 метр 6 кВ әуе желісі салынды. Оңтүстік ауылы, №130 үй ауласындағы және Бейбітшілік көшесі №14 үй аумағындағы әуе желісінің бағаналары көшірілді. О. Оңғарбаев пен Ж. Исаев көшесіне КТПН-6/0,4 кВ трансформаторы орнатылды.
"Өзенэнергосервис" МКК Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы мен Қызылсай ауылының түргі көше жарық шамдарына қызмет көрсетуде. Атап айтар болсақ қаламыздың Қ. Сәтбаев, Достық көшелеріндегі күн көзімен жанатын светодиодты жарық шамдарды жарамсыз болуына орай 2,4 шақырым СИП сым әуе желісі тартылды және істен шыққан светодиодты жарық шамдары ауыстырылды. Қала ішіндегі айналма жолдарды жарықтандыруға барлығы 12 дана екі жақты электр бағаналары мен 300 метр СИП сым желісі тартылды. Ақтау-Жаңаөзен жолы мен Бейбітшілік көшесіндегі жарық шам бағаналарын тазалау шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда Бейбітшілік көшесіндегі күн көзі қуатымен жанатын жарық шам бағаналарын бөлшектеу шаралары жалғасуда.
Теңге ауылы бойынша көше жарығына қызмет көрсету барысында 590 дана электр шамы мен 298 дана дроссель жұмсалды. Сонымен қатар көше жарығына барлығы 9 дана автономды жағып-өшіргіш фотореле жабдығы орнатылды. Көше жарығының ескі қуаты 63 Амперлік сөндіргіштерінің орнына барлығы 6 дана қуаты 100 А автоматты сөндіргіштер орнатылды. М. Бегенов көшесіндегі көше жарығына жаңадан қуаты 150Амперлік автоматты сөндіргіші орнатылды. № 11 мектеп жанындағы көше жарығына 63 метр СИП4-2*16 сым желісі тартылды. Ж. Мыңбаев көшесінің көше жарығына да СИП сым желісі тартылды.
Қызылсай ауылындағы орталық алаңға 9 дана, О. Оңғарбаев көшесіне 2 дана, Мәдениет үйі алдына 5 дана РКУ-250 жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар жарық шамдарына қызмет көрсету барысында 480 дана электр шам, 50 дана патрон, 340 дана дроссель жұмсалды. Қала мен іргелес ауылдардағы істен шыққан жарық шамдары мен дроссельдерін ауыстыру, тазалау, тарату щиттеріне автоматты ажыратқыштар, фотореле жабдығын орнату шаралары күнделікті жүргізілуде.