«Өзен Жылу» МКК-ы бойынша 2019 жылға атқарылған жұмыстардың есебі

«Өзен Жылу» МКК-ы бойынша 2019 жылға атқарылған жұмыстардың есебі.

                                                                      

Жанаөзен қаласының «Өзен жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының нысандарында 2019-2020ж. күзгі-қысқы кезенге дайындық  жұмыстарының  іс-шарасы әзірленіп, Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі тарапынан бекітілді.

Осы бекітілген іс-шаралар негізінде  кезекті жөндеу және жоспарлы-ескерту жұмыстары жүргізілді.

           Мекемеге қарасты негізгі атап айтқанда, Орталық жылу қазандығы және Кіші ЖЭО бу қазандығы Комплексінде, Аурухана жылу қазандығы, Темір жол 0б+яекеті бу қазандығы, Қызылсай кенті жылу қазандығы және 35 дана автономды жылу қазандықтарында қысқа дайындық жұмыстары жүргізілді.

           Тоқтатылған барлық қазандықтарда су, тоқ, газ желілеріне тығын, пломба қойылып,жылыту маусымына дейін консервацияда болды.

 

Орталық жылу және Кіші ЖЭО бу қазандығы бойынша

 

  1. Орталық жылу қазандығы ғимаратының көлемі 1824 м2 құрайтын ішкі қабырғаларына сырлау жұмыстары жүргізілді.

2.Кіші ЖЭО-ның ДЕ-25-24-380-ГМО бу қазандықтары ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.-100% орындалды.

3.ОЖҚ-ның №2-ші түтінсорғышына және №5-ші сеттік сорғысына жоғары вольтты электрокабелі орнатылды.

  1. Орталық жылу қазандығына -275 тонна техникалық тұз қоры жиналды.
  2. Кіші ЖЭО-да ø50÷ ø150 мм-20 дана;

Орталық жылу қазандығында  ø50 мм÷ø150 мм-15 дана;

задвижкалар және градирня желісінде 100 м-ø100 мм құбыр ауыстырылды.

 

  1. РОУ,БРОУ қондырғылары клапандары тексерілді жөнделді.

 

                                  Кіші көлемдегі жылу қазандықтары бойынша

 

  1. Мекемеге қарасты барлығы 35-дана (соның ішінде білім беру нысандарында - 24 дана; әлеуметтік нысандарда - 4 дана; денсаулық сақтау нысандарында - 4 дана; көпқабатты тұрғын үй секторында - 3 дана.) жылу қазандықтарындағы қазандар жуылды және консервацияға қойылды. Газ құбырларына тығын қою жұмыстары жүргізілді.

2.Автоматика жүйесін,өрт және газ дабылы қондырғыларын орнату.Ортақтандырылған үйлестіру жүйесі арқылы автоматика жүйесін басқару. Барлығы  – 32 дана – 100  % орындалды.

                     Сыртқы жылу желілері бойынша:

  • Бүгінгі таңда ыстық су мен жылу тасымалдайтын сыртқы жылу желілердің ұзындығы – 192,32км, оның ішінде магистралды құбыры – 48км, таратушы құбырлар – 144,32км болып табылады. Темір жол бекетіндегі сыртқы жылу желісі – 2,4 км болса, Қызылсай кентіндегі сыртқы жылу желісінің құбыр ұзындығы  – 5,4км.   
  • сыртқы жылу желілерін жөндеу – 1,8 км –100 % орындалды.

 

Тұрғын үйлер жертөле желілері бойынша

 

      «Өзенжылу» МКК –ы сантехникалық қызмет көрсететін тұрғын үйлер:

Барлығы 242 тұрғын үй ортақтандырылған жылу жүйесі арқылы жылумен қамтылған. «Рауан» ш/а -10 үй автономды қазандығынан жылу алады.

Жоғары да аталған шағын аудандардағы тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындық жұмыстарына іс-шара жасақталды.

242 тұрғын үй кірмелеріндегі (ввод) бекіту арматурасына тексеру,ревизия жұмыстары жасалынды-100% орындалды.

Соның ішінде –104 дана жарамсыз задвижкалар ауыстырылды.

Олар төмендегіше:

«Шаңырақ»-ø50мм-10 дана,

«Шұғыла» ш/а -ø50мм -10 дана,

«Самал» ш/а-ø50мм-10 дана,

«Көктем» ш/а-ø50мм-20 дана,ø80мм-44 дана,

 «Өркен» ш/а-ø50мм-10 дана.

           Қазіргі таңда осы аталған шағын аудандарындағы тұрғын үйлерге 2019-2020 ж.ж. жылу маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Атап айтқанда:   барлық 242 тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі инженерлік желілердің жылу тораптарына ревизия (тексеру)  жасалып, гидропневматикалық сынақ жұмыстары  жүргізілді.

242 тұрғын үй кірмелеріндегі (ввод) бекіту арматурасына тексеру,ревизия жұмыстары жасалынды-100% орындалды.

Тұрғын үй кірмелеріндегі (ввод) бекіту арматурасын ауыстыру жұмыстары–104 дана жарамсыз задвижкалар ауыстырылды.-100% орындалды.

           ЖКХ мекемесімен бекітілген іс-шара бойынша,жұмыстардың орындалысы  - 100 % құрайды.

          

«Өзен Жылу» МКК-ны    2019-2020 жылғы жылу маусымын 2019 жылдың 15-ші қазанында ойдағыдай бастады.  

 

Жылу қазандықтары бойынша:

 

     Қаламыздағы барлық жылу қазандықтарының жалпы саны-42,оның ішінде негізгісі-4,яғни Орталық жылу қазандығы және кіші ЖЭО КЕШЕНІ,

Аурухана жылу қазандығы,Қызылсай жылу қазандығы,Темір жол бу қазандықтары қала үйлерімен мен Қызылсай елді мекендеріне жылу берсе, ал қалған 38 автономды дербес жылу қазандықтары қала сыртындағы мектеп-балабақшаларды жылумен қамтамасыз етуде. Олардың температурасы бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасауда.

Орталық жылу қазандығы қаланың  90%  жылумен және ыстық сумен қамтиды. Қазіргі уақытта 2 дана КВГМ-58,2-150 қазандығы жылу өндіруде. Орташа тәуліктік температура Т1 – 84 °C,  Т2- 63°C және қысым параметрі Р1 – 8,8 кгс/см2 ; Р2 – 1,8 кгс/см2 болды.

Сыртқы жылу желілері бойынша:

Бүгінгі таңда  ыстық су мен жылу тасымалдайтын сыртқы жылу желілердің ұзындығы – 192,32км.  Сыртқы 4-құбырлы жылу жүйесі бірқалыпты жұмыс жасауда.  Тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік   орталық күнделікті түскен сұраныстар қабылданып,уақытында орындалуда.

Тұрғын үйлер жертөле желілері бойынша:

      «Өзенжылу» МКК –ы сантехникалық қызмет көрсететін тұрғын үйлер: Барлығы: 252 тұрғын үй,соның  233 тұрғын үйі ортақтандырылған жылу жүйесі арқылы жылумен қамтылған:Шаңырақ ш/а-51 тұрғын үй;Шұғыла ш/а-65 тұрғын үй;Самал ш/а-42 тұрғын үй;Көктем ш/а-44 тұрғын үй;Өркен ш/а-31 тұрғын үй.

Кәзіргі таңда жоғары да аталған шағын аудандардағы тұрғын үйлер толығымен  жылумен қамтылған.

      Барлық тұрғын үйлердің кіріс тоспаларына дейін,яғни бөлу шекерасына дейін МКК «Өзен Жылу» сыртқы жылу жүйелерінен жылу барып тұр,Орталық жылу қазандығы бекітілген кестеге сай жұмыс жасауда. 

Жоғарыда айтылған мәселе өте өзекті деп санаймыз, қаламыздағы көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік жүйелеріне  1996 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған,олардың тозығы толықтай жеткен,апаттық коэфициенті өте жоғары.

         Дей тұрғанмен  жылу маусымына дайындық барысында бірқатар жұмыстар жасалынды.Қала бойынша 43 тұрғын үйдің  58 подъезінде (жертөлелерде) ø32,ø40,ø57 мм -8750 метр  құбыр ауыстырылды.

      2-ші өте маңызды өзекті мәселе өткен жылы 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының алдында ішкі инженерлік жүйелердегі гидравликалық режим бұзылып,су сорып тұратын сорғылар қойылған болатын,атап айтқанда  Шаңырақ ш/а-8 дана сорғы;Самал ш/а-3 дана сорғы,Көктем ш/а-37 дана,Өркен ш/а-46 дана;қала бойынша әлеуметтік нысандарда-10 дана.Осы жылы

гидравликалық режимді қалпына келтіру мақсатында олар желіден ажратылып алып тасталды.

    Кәзіргі таңда  гидравликалық режимді қалпына келтіру үшін іске қосу- баптау(наладка) жұмыстары жүргізіліп жатыр,Орталық жылу қазандығынан 4 дана сеттік насос жұмысқа қосылды.Орталық жылу қазандығына жақын шағын аудан үйлеріне шайбирование жүргізіліп,сыртқы жылу жүйелерінің соңғы қанатындағы атап айтқанда «Көктем» ш/а 55,57,58,56,46,47,48 тұрғын үйлерінің;Өркен ш/а 62,68,69,70,71,73,74,75 тұрғын үйлері ең шеткі блоктарына жылу жеткізуге жұмыстанудамыз.

    Алайда  өзекті мәселелер жеткілікті, пәтер іші стояк құбырларының және жылу батареяларының  құбыр іші коррозияның әсері арқылы біткендігінен жылу сапасы нашарлап,ақаулар пайда болуда,олар дер кезінде жөнделіп,жылу берілуде.                

Отчет о проделанной работе за 2019 год по ГКП "Озен Жылу"
Дата публикации
14 февраля 2020