Рахат ауылының_ жергілікті қоғамдастық жиналысы туралы ХАТТАМА

       Рахат ауылының_ жергілікті қоғамдастық жиналысы туралы

ХАТТАМА

№___

 

______________                                                                   05 ақпан 2021 жыл                                                                                                    

Өткізілу орны:

Рахат ауылы

Рахат ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залы

Өткізілу уақыты: 10:00

 

Күн тәртібі

  1. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына талқылау жүргізу.

 

Жиынды ашып жүргізетін: Сөз жиын төрағасы  Шамуратов Кайратқа беріледі.

Күн тәртібі:

  1. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына талқылау жүргізу туралы.

2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және Жаңаөзен қалалық маслихатының шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Рахат ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілуде. Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды. 

Ауылдың жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны   25 - адам, жиынға келгендердің саны 18 - адам.

Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:

  1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша _5_ минут.
  2. Сөйлеушілерге 7 минут.
  3. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша __5__ минут:
  4. Сөйлеушілерге __7__ минут.

Дауыс беру….

Қарсылық бар ма? Қабылданды.

 

Сөз сөйлеген: ауыл әкімі Табынчаев Өсербай Рсбайұлы

 

Құрметті Рахат  ауылының тұрғындары!

Өздеріңізге мәлім, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, жергілікті елді мекеннің дербес бюджеті қалыптасып, жаңа жүйеге өтті. Рахат ауылының 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар саны 45 858 адамды құрап отыр. Ауылдағы тұрғын үйлердің саны 8990. Сіздерге ұсынылып отырған мәселе, Рахат ауылының жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы. Бұл бағдарлама жергілікті атқарушы органдардың атқаратын қызметінің іс-шаралары болып табылады. Бұл әлеуметтік желілерге жарияланып, халық еркін оқып, таныса алады. Бағдарлама ауыл тұрғындарының әл-аухатын, тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған.  Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық өсімге қол жеткізу.

Осыған орай, Сіздерден аталған даму бағдарламасын талқылап, бекітіп беруге ұсынамын.

Қ.Шамуратов: «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына талқылау жүргізу туралы.

Шешімі __Қабылданды.___________

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар»-_18_ адам.

«Қарсы» -__0__ адам.

«Қалыс» - жоқ.

__шешім _ (көпшілікпен,  бірауыздан, қабылданбады) қабылданды.

Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына бекіту туралы ұсынысын жиын мүшелері бірауыздан қабылдады.

Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер. Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері. Бүгінгі жиналыста ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша бір мәселе қаралған болатын. Мәселе өз шешімін тауып, Сіздердің толық қолдауларыңыздың арқасында, шешім бірауыздан қабылданды. Ауыл әкімінің аппараты жиналыста қабылданған шешім бойынша тиісті жұмыстарын атқарсын. Атқарылған жұмыстарының есебін келесі жиында баяндасын.

Күн тәртібі толық қарастырылды.

Жиналысты өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар?

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Сау болыңыздар.

 

 

Жиын төрағасы                                  ________________ К. Шамуратов

 

Жиын хатшысы                                  ________________ Н. Нургожаева

Рахат ауылының_ жергілікті қоғамдастық жиналысы туралы ХАТТАМА
Дата публикации
05 февраля 2021