«Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары

«Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары

«Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан былай- бөлім) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңына       (бұдан былай –Заң) сәйкес негізгі функциясы қала және оған іргелес орналасқан елді мекендер аумағында ветеринария саясатын жүргізу, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, оған қоса «Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан былай - Ветстанция) жұмысын үйлестіру.

 

 Жаңаөзен қаласы бойынша салыстырмалы тіркелген мал басы

№

Ауыл атауы

Қалдық 01.01.2018 жыл

Қалдық 01.012019 жыл

МІҚ

Жылқы

Түйе

МҰМ

МІҚ

Жылқы

Түйе

МҰМ

1

Теңге

204

756

1004

1092

158

897

1216

1089

2

Рахат

108

432

277

645

104

530

206

534

3

Қызылсай

71

355

551

771

69

470

676

947

 

Барлығы

383

1543

1832

2508

331

1897

2250

2570

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің  2014 жылғы 30 маусымдағы №16-07/332 «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жыл сайын Жаңаөзен қаласы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіледі. Аталған іс-шараларды атқару үшін облыстан қабылдау-беру актісімен биопрепараттар толықтай тасымалданып, қолдану мерзімінде толықтай жұмсалды.

 2019 жылы атқарылған ауыл шаруашылығы жануарларын профилактикалық алдын ала егу және диагностикалық шаралары:

 

Іс шара атауы

 

2019 жыл жоспар

 (мың бас)

 

2019 ж.

Орындалысы

(мың бас)

Пайызы  (%)

Ввкцинация

Құтыру

 

 

МІҚ

0,22

0,22

100%

МҰМ

0,16

0,16

100%

Жылқы

0,46

0,46

100%

Түйе

1,63

1,63

100%

Ит

0,84

0,84

100%

Мысық

0,9

0,9

100%

Сібір жарасы

МІҚ

0,34

0,34

100%

МҰМ

1,28

1,28

100%

Жылқы

1,09

1,09

100%

Түйе

1,5

1,5

100%

шошқа

-

 

 

Эхинококкоз

е/қор

3,54

3,54

100%

Нодулярлы дерматит

МІҚ

0,34

0,34

100

Күл

МҰМ

2,6

2,6

100%

Тұмау

Құс

-

-

 

Эмкар

МІҚ

0,24

0,24

100%

Оба

Түйе

0,48

0,48

100%

Туберкулез

МІҚ

0,35

0,35

100%

Түйе

1,11

1,11

100%

Маңқа

Жылқы

0,07

0,07

100%

Пастереллез

МҰМ

 

 

 

Диагностикалық

Сиыр (аналық)

 

0,361

0,361

100%

Сиыр (бұқа)

 

0,03

0,03

100%

Сиыр (қалдықтары)

 

0,043

0,043

100%

Сиыр( бұзаулар 4-6 ай)

 

0,004

0,004

 

Қой (аналық)

 

2,893

2,893

100%

Қошқар (аталық)

 

0,057

0,057

 

Қой (қалдықтары)

 

0,218

0,218

100%

Қой (қозы 3-4 ай)

 

 

 

 

Түйе (ересек мал)

 

1,577

1,577

100%

Түйе (төл 4-6 ай)

 

0,105

0,105

 

Жылқы серолог

 

0,031

0,031

100%

Қошқар(инф.эпидимит)

 

0,101

0,101

100%

             

         Биылғы жылдың тамыз айының басынан Қызылсай елді мекені аумағынан түйе малдары арасында белгісіз тері аурулары тіркеліп, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Республикалық референттік орталығына күл, аусыл, нодулярлы дерматит ауруларына күмәнді сынамалар 25 тамыз, 17 қазан күндері жолданып, нәтижесі теріс деген қорытындылар (2019 жылғы 05қыркүйектегі №1-134/2-19-В және 29 қазандағы №1-174/1-19-В сынақ хаттамалары) алынды.

 Заңға сәйкес ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 Қаулысын орындау жөнінде Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жыл басынан төлдер есебінен МІҚ 96 бас жоспарланса, оның ішінде 65 бас бірдейлендірілді, сондай-ақ МҰМ жоспар бойынша 979, орындалысы – 398 бас, Түйе малы жоспарға сәйкес 474 бас, орындалысы – 253 бас, жылқы малы жоспар бойынша 635 бас, орындалысы 217 басты құрап отыр. Ауыл шаруашылығы дерекқорында малдардың республикаішілік қозғалысының нәтижесінде 137 бас МІҚ, 1980 бас-МҰМ, 250 бас-жылқы, 427 бас-түйе малдары тіркеуге алынса, қажеттілікке сәйкес сату, сою нәтижесінде 237 бас-МІҚ, 2398 бас-МҰМ, 609 бас-жылқы, 464 бас-түйе малдары есептен шығарылды.

Заңның 14 және 14-1 бабтарына сәйкес, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлермен қаламыздағы мал сою нысандарына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бойынша акттер жасақталып, күнделікті бақыланып отырылды. Мал сою нысандарынан  малға және адамға ортақ жұқпалы аурулар анықталған жоқ.

Жаңаөзен қаласында ветеринариялық бақылау-қадағалау объектілері «Алмат», «Бағдат», ЖШС «Сенек», ЖК «А.Мауленбаев» және ЖК «Көпеев» мал сою нысандарында жыл басынан басқа  аймақтардан тасымалданып сойылған малдар саны – 3326 МІҚ бас, 289- жылқы бас, 931 – түйе бас, 3721–МҰМ бас; оның ішінде облыс ішінен тасымалданып сойылған малдар саны: МІҚ – 39 бас, жылқы – 82 бас, түйе – 74 бас, МҰМ – 173 бас. 5350 дана ветеринариялық анықтама сойылған малдарға берілді.

2019 жылы сырт аймақтардан тасымалданып сойылған мал бөлінісі

Облыс, Республика атаулары

МІҚ

МҰМ

Жылқы

Түйе

мың.бас

Актөбе

0,183

0,467

0,012

0,068

Атырау

0,15

0,917

0,044

0,523

Батыс-Қазақстан

1,331

2,163

0,124

0,102

Павлодар

-

-

0,008

-

Қостанай

0,215

-

-

-

Қараганды

0,065

0,001

0,007

-

Белоруссия

1,343

0,0

0,012

0,164

Мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіштері бойынша тұрғындарға жыл басынан ауылшаруашылығы жануарларына және жаңадан іске қосылған ветеринариялық бақылау және қадағалау нысандарына:

- 182 дана ветеринариялық анықтама;

- 1097 дана ветеринариялық паспорт;

- 2 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді.

Бөлім басшысымен тұрғындарды жеке қабылдау графигі жасақталып, жыл бойына 13 (он үш) тұрғын қабылданып олардың өтініштері толық қанағаттандырылды.

Бөлім және Ветстанция мекемелері ветстанцияның тобымен (бригадасымен) және ЖК «Ниятов» арқылы қаңғыбас ит, мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырып, жұмыстарды атқарған.

2019 жылы Ветстанцияда құрылған штаттық топ тарапынан 2519 бас ит, 34 бас мысық және 2019 жылға қарастырылған (бөлінген) қаңғыбас ит, мысықтарды аулау және жою мақсатында 2,0 (2017 жылы 4,5 млн тг, 2018 жылы – 3,0 млн тг) млн теңге қаражат көлеміне орай  конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу тәртібімен жеңімпаз ЖК «Ниятов» тобымен 1000 бас яғни, қала бойынша 3519 қаңғыбас ит, 34 бас мысықтар ауланып, қалалық мал қорымында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 «Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жойылды.

Ағымдағы жылы қала және оған іргелес елді мекендерде  325 оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны -204, ит, мысық тістеу жарақатынан зардап шегіп отыр. Бөлім өз тарапынан қала және оған іргелес елді мекендер тұрғындарын сауықтыру және түсіндіру мақсатында жергілікті телеарна арқылы 3 минуттық бейнеролик наурыз айында 2 апта, сонымен бірге  «Ит, мысықтарды асырау және серуендету кезінде тұрғындармен сақталатын міндеттер» туралы 1-минуттық бейнеролик жыл соңына дайындалып, парақшалар үнемі таратылды. Заңның 25-бабына сәйкес  «Жеке және заңды тұлғалардың міндеттері туралы» парақша жасақталып, телекөрермендер назарына ұсынылды. Одан басқа Жаңаөзен қалалық «Жаңазен» газетінің 2019 жылдың 1 наурызындағы санында «Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда» атауымен мақала жарияланды. Жасақталған парақшаларды Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдары әкімдіктеріне көрнекті жерлерде ілу және «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ арқылы және мектептерде сынып сағатында оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында жолданды. Дайындалған бейнеролик, жасақталған парақшалар бірнеше әлеуметтік желілерде және тұрғындардан әлеуметтік желілер арқылы арыз шағымдар, жарияланымдар болған жағдайда үнемі түсіндіру мақсатында ұсынылды.

         Жоспарға сәйкес жыл бойына қалалық Полиция Басқармасының қызметкерлерімен бірлескен шаралар кезінде бірнеше ветеринарлық заң бұзушылықтар анықталып, тиісті  тұлғалар Қазақстан  Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сай жауапкершілікке тартылды.

Жаңаөзен қаласы бойынша 10 (он) заң бұзушылық анықталды: А. С. Шалмуханов, Р. Б. Баймашов, Б. К. Кулданов, Ғ. Көбен, Н. Ақмолдаев, С. Тлешов, Б. Токенова, М. Балтабаев, С. Алиев және М. Адилов ӘҚБтК-тің 406 бабы 1-тармағы, 2- тармақшасы негізінде Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Екі жеке кәсіпкер Н. Садыкова және Г. Бисеноваға, Қызылсай ауылының мал дәрігері Х.Джамиевке және жеке тұлғалар М. Тапаева мен А. Байжановаға орындау мерзімімен Нұсқамалар берілді.

 «Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдары аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою туралы Қағидасы»  талаптарына сәйкес, жыл басынан тұрғындардың 27 бас иттері тіркеуге алынды.

«Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдары аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою туралы Қағидасы » (30.05.2019 ж. № 27/332 шешім)және «Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдары аумағындағы жануарларды асырау туралы Қағидасы» (25.10.2019 ж. №31/371шешімі) өзгеріс енгізіліп, облыстық мәслихатпен бекітілді.

Бөлім және ветстанция қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасы Заңдары мен Заңдылықтарын бұзу дерегі тіркелмеді.

 

Қысқартылған сөздер:

ҚРАШМ-Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі;

ҚР ІІМ- Қазақстан республикасының Ішкі Істер министрлігі;

МІҚ –мүйізді ірі қара;

МҰМ-мүйізді ұсақ мал

АШЖБ- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру;

«Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары
Дата публикации
14 февраля 2020