Сіздердің назарларыңызға Жаңаөзен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің негізгі көрсеткіштерінен, оның қалыптасу параметрлерінен және бюджет қаражатының шығыстарынан тұратын азаматтық бюджетін ұсынамыз.
Аталған құжат келесі бөлімдерден құралады:
- қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері;
- қалалық бюджеттің түсімдері мен шығыстары;
Жаңаозен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №53/575 шешімімен бекітілді.
Жаңаөзен қаласының әкімдігінің Жаңаөзен қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 01 қаулысы.
Жаңаөзен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған негізгі әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері
|
р/с |
Көрсеткіштер атауы |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023жыл |
|
1. |
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд.теңге |
155,8 |
156,1 |
156,8 |
157,2 |
|
2. |
Негізгі капиталға салынған инвестиция, млрд. теңге |
47,0 |
47,1 |
47,5 |
48,0 |
|
3. |
Халық саны, мың адам |
155,8 |
157,9 |
160,1 |
162,1 |
|
4. |
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері, теңге |
41 695,0 |
39 967,0 |
39 071,0 |
38 175,0 |
|
5. |
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) теңге |
2778 |
2917 |
2895 |
2873 |
|
6. |
Ең төменгі жалақы, теңге |
42500 |
42500 |
42500 |
42500 |