Назар аударыңыз, қаланың жанашыр және креативті тұрғындары!
2021 жылғы 20 ақпан,10 наурыз аралығында "Халықтық қатысу бюджеті"жобасы бойынша өтінімдер жинау жүргізіледі.
⠀
✅ Кез келген адам қала аумағын дамыту мен абаттандыруға бағытталған өз идеясын ұсына алады. Егер сіздің бастамаңызды қала тұрғындары дауыс беру барысында қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
☑️ Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
✔️ Қысқаша атауы, бір сөйлем шегінде;
✔️ Жаңаөзен қаласы әкімдігінің құзыретін іске асыру;
✔️ бір автор-бір өтінім-бір объект;
✔️ жалпы пайдалану объектісі. ⬇️ ⬇️ ⬇️
akimat_janaozen
❌ Жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды:
✔️ ЖСҚ әзірлеуге ғана есептелген;
✔️ Тұтас емес, фрагменттік (болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);
✔️ Қала бағдарламаларына және ҚР заңдарына сәйкес келмейді;
✔️ Жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;
✔️ Жобаны іске асыру құнынан асатын ұстау және қызмет көрсету (қосымша персонал) шығыстарын көздейтін;
✔️ Дөрекі лексика, жала, қорлау, зорлық-зомбылыққа шақыру және т. б. бар.
✅ Дауыс беру:
1 тұрғын-1 дауыс;
10 дауыстан кем жоба іске асырылмайды.
⠀
✔️ Ұсыныстарыңызды 10 наурызға дейін күтеміз! Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу онлайн режимінде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайтында өтеді