Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы

Жаңаөзен  қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы

 

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",  2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сЖанаозен  министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №358 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жеміс - көкөніс және бақша өнімдерімен, мал азығымен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен  қаласында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерімен, мал азығымен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
  3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жүгері, балмұздақ, алкогольсіз сусындармен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  4. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жүгері, балмұздақ, алкогольсіз сусындармен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
  5. Осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында кваспен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  6. Осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында кваспен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
  7. "Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Бекова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  8. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Байжановқа жүктелсін.
  9. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы
Дата публикации
08 января 2021