Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
14 января 2021