«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы» туралы

«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің                                  2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы»

 туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және «2021-2023 жылдарға арналған Қызылсай ауылының бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 54/581 шешімін іске асыру туралы Қызылсай ауылы әкімінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 02 шешіміне сәйкес;

  1. «Қызылсай  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ-нің  2021-2023 жылдарға

арналған келесі бюджеттік бағдарламалар бекітілсін:

  124001  «Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 1-қосымшаға сәйкес;

  124003 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету»                                   2-қосымшаға сәйкес;

124006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау»                                  3-қосымшаға сәйкес;

124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 4-қосымшаға сәйкес;

124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» 5-қосымшаға сәйкес;

124011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» 6-қосымшаға сәйкес;

124022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 7- қосымшаға сәйкес;

  1. «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтері (А. Жанжігітоваға) осы өкімнің орындалысын қамтамасыз етсін.
  2. Осы өкімге қол қойылған күннен күнтізбелік үш күн ішінде қала әкімінің веб-сайтына жариялансын.

4.Осы өкімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б. Маркашоваға жүктелсін.

«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы» туралы
Дата публикации
29 января 2021