Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
сапасының мониторингі және
бақылау бөлімі
Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылы қаңтар – желтоқсан айларына
АҚПАРАТ
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылы 17 қазандағы №390н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 84 қызмет түрлері бекітілген.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2020 жылы қаңтар-желтоқсан айларында (бұдан әрі - есептік кезең):
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар – желтоқсан айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны – 51, оның ішінде мақала – 7, ашық есік күні – 2, дөңгелек үстел – 6, бейнеролик – 1, телеарнаға шығу – 6, оқыту семинары – 4, тәжірибе алмасу – 19, жиналыс – 6. Қамтылған адам саны – 381.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау
бойынша қаңтар - желтоқсан айларында өткізілген іс-шаралары
ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №90н/қ «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгеріс енгізу туралы» қала әкімінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №53н/қ өкіміне сәйкес қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралары – 6.
Анықталған кемшіліктер саны – 95, оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 68;
- ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері – 8;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 19;
Ұсынымдар саны – 19, оның ішінде:
Орындалғаны – 19.