Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған
іскерлік ойын форматындағы семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында қалалық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік сайлау комиссияларына арналған іскерлік ойыны форматындағы семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Рзаханов және облыстық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары И.Сағынбаев, Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Скендиров қатысты.
Семинар-тренингте №72 учаскелік сайлау комиссиясы учаскеде сайлауды өткізуші, ал басқа сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылар, байқаушылар, сенім білдірген адамдар, БАҚ өкілдері рөлінде көрініске қатысты.