Ағымдағы жылдың 18-19 желтоқсанында Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Базылов, төрағаның орынбасары І.Нұғыманов учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өткізді.
Оқыту іс-шарасы барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы, пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы, сайлау учаскесінде партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы, мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы үлгілері таныстырылды.