Сайлау бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында  Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Базылов, төрағаның орынбасары І.Нұғыманов  сайлау науқанының ағымдағы кезеңінде жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша учаскелік сайлау комиссияларына арналған  семинар өткізді.

Оқыту іс-шарасы барысында сайлау учаскелеріндегі сайлауды әзірлеу мен өткізуге дайындық барысы, сайлау комиссиясы мүшелерінің қашықтықтан оқыту және тестілеуден өтуі, т.б. ұйымдастыру  мәселелері талқыланды.

 

Сайлау бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
Дата публикации
11 декабря 2020