Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукционды) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукционды)

өткізу туралы хабарландыру

 

«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы 28 желтоқсаны сағат 10:00-де (жергілікті уақытпен) Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағын ауданы, «Ақсарай» қонақ үйі, мәжіліс залында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру (ағылшын) әдісі бойынша аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                                31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады - 2020 жылы 28 желтоқсан сағат 10:00-де (жергілікті уақытпен), содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

           Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

         1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

          2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны "электрондық үкімет" төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

          3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

           Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

            Сауда-саттықтарғы қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Жаңаөзен қаласы, Жалын көшесі, 25Б ғимараты, №307 қабылдау бөлімі, телефон: 8 (72 934) 47-455.

  Назар аударыңыз!

Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:

    1)  қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

    2) осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген міндеттемелер:

    3) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

4) конкурсқа қатысу кезінде жер учаскесіне құқығын сатуға жарияланған шартпен, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;

5) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтарылмайды.

       Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

         Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

         Сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

            Әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша кепілдік жарнасы «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БСН 020940003014, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ780705034632752001, КБЕ-12,     КНП-119 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазына комитеті» РММ депозиттік шотына бөлек кез келген банк арқылы төленеді.

Төлем мақсаты: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

 

 

Ұйымдастырушы: «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ

Анықтама телефондары: 8 (72 934) 47-4-55.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукционды) өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
11 декабря 2020