«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

E-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

E-2

476435

547574

         «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, 2 қабат,         202 бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: m.ismagambetova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

 

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы басшысы.

Функционалдық міндеттері: Қала әкімі Аппаратының жұмысын үйлестіреді. Қала әкімінің кадрлық саясатын үйлестіреді және қызметін құжаттамалық қамтамасыз етеді. Кадр резервін үйлестіру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, кадр мониторингін, кадрлық іс-жүргізуді «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді үйлестіру, қала  әкімі аппаратында құжат айналымның, іс-жүргізудің орындалысын бақылауды ұйымдастырады. Қала әкімімен жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді есепке алады. Қала әкімдігі мен әкімінің актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу жұмысын үйлестіреді. Қала әкімдігінің мәжілістерін дайындау, қала әкімінің қатысуымен басқа мәжілістерді және консультациялық  кеңес органдардың мәжілістерін дайындауды үйлестіреді. Қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді, қала әкімдігінің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала әкімінің жұртшылықпен байланысын дамытады. Белгіленген құзыреті шеңберінде қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне тапсырма беруге құқылы. Қала әкіміне кадрларды іріктеу, тағайындау, босату және жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Тәртіптік комиссия төрағасы болып табылады. Тәртіптік жазалау шараларын қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға дербес жауапкершілікте  болады,  Құпия іс жүргізу, Қызмет  бабында пайдалану белгісі бар құжаттармен жұмыстың  жүргізілуін үйлестіреді, құпиялық құжаттарға дербес жауапты, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз етеді, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан Республикасының «Цифрландырылған Қазақстан», «Электронды Үкімет» мемлекеттік бағдарламаларын енгізуге жауапты. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында электронды және мобильді үкіметті одан әрі дамыту арқылы цифрлық үкіметті құру жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады. Ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және оны үйлестіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғаға жетекшілік етеді. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдар, олардың жұбайлары (зайыптары) және жақын туыстары туралы нақты мәліметтердің тиісті органдарға уақытылы және дұрыс берілуін бақылауға жауапты тұлға болып табылады. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының және қолжетімділігін көтеру бойынша мониторинг жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылауды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің Қағида талаптарының  сақталуын  бақылауды жүзеге асырады. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бағдарлама әкімшісі арқылы қаржыландырылатын  бюджеттік шығындарға қатысты қаржылық алыс-берісіне және төлем құжаттарына қол қояды. Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстардың орындалысын бақылайды. Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің басшыларын, бас-инспекторларын, бас мамандарын, өзге де азаматтық қызметшілерін жұмысқа қабылдау, тағайындау, шығару, жауапкершілікке тарту, еңбек демалысын, жалақысы сақталмайтын демалысын беру, еңбек демалысынан кері шақырту және өз құзіреті шегінде тағы да басқа бұйрықтарға қол қояды. Қала  әкімінің іс-қимыл  шараларының Жоспарын  жасақтау бағытында ауыл әкімдері аппараттарынан, дербес бөлімдерден  ақпараттарды  талап  етеді. Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдер тарапынан әзірленген, қабылданған қала әкімдігінің қаулыларына және қала әкімінің шешімдеріне дербес жауапкершілікте болады. Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдермен қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету талаптарын  сақтайды. Жүктелген міндеттерді және лауазымдық міндеттерді тиісінше орындауға дербес жауапты болады. Қала әкімі жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік). Бизнес, басқару және құқық (менеджмент, халықаралық құқық, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, құқықтану, құқық қорғау қызметі, іскерлік әкімшішік, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, мемлекеттік басқару, адами ресурстарды басқару, өңірлік даму). Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (статистика, математика). Педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері, персоналды басқару). Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, психология, әлеуметтану, жұртшылықпен байланыс, мұрағаттық, жазбалар басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету, конфликтология)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

            2)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының                2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

            Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                          «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

 

      ____________________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

     Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                         (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________

      Байланыс телефондары: ________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

 

       _________                                       ________________________________________

       (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Дата публикации
11 июня 2026