«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
E-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
E-3 |
305 232 |
350 615 |
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, 2 қабат, 202 бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: m.ismagambetova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімінің басшысы, Е-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөліміне тікелей басқаруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Қағида талаптарының сақталуын бақылайды және мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау жұмыстарының жүргізілуін қадағалайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі бақылау іс-шараларының жоспарын және қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматта алу бойынша халыққа түсіндіру іс-шаралары жоспарын жасақтап, бекітеді.
Жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды тұрақты негізде жаңартады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында электронды және мобильді үкіметті одан әрі дамыту арқылы цифрлық үкіметті құру жұмыстарын үйлестіреді.
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша іс-шаралардың жүргізілуін қадағалайды.
Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау жасайды және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына мониторинг жүргізеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Қала әкімдігі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің есебін Маңғыстау облысы әкімі аппаратына уақытылы және сапалы тапсырылуын қадағалайды.
Қоғамдық мониторинг арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы ақпараттарды жинап, талдап және ұсыныстарды тұжырымдайды.
Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жинақтап, жоспар жасақтап бекітеді және орындалуын қадағалайды.
Басшылықтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне қатысты түскен арыз-шағымдарға байланысты, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізеді және оның нәтижесін Тәртіптік комиссиясының қарауына ұсынады.
Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметті сапасыз және мерзімінен кешіктіріп орындаған қызметкерлерге шара қолдануға ұсыныс енгізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына жауап береді. Мемлекеттік қызметтің сапалы, әрі уақытылы орындалуына бақылау жасайды. ИС ЦОН, Е-лицензия бағдарламаларында ай сайын рұқсат берілетін құжаттар есебінің жүргізілуін қадағалайды.
ҚР электрондық үкіметі «E-gov» порталына, ақпараттық жүйелеріне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қағидаларына талдау жұмыстарын жүргізеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру процестерін іске асырады және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
ҚР Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген іс-шаралар жұмыстарын ұйымдастырады.
Ақпаратқа қол жеткізу бойынша шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімі қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын бақылайды.
«Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру», «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалысын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімі қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын бақылайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын үйлестіреді.
Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтайды.
Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік). Бизнес, басқару және құқық (құқықтану, бизнес және басқару), Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика және статистика). Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс). Педагогикалық ғылымдар (жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
____________________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________