Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының

хабарламасы

 

2026 жылдың 17 мамыры күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Теңге ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Теңге ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне
9513 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 4007 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 66, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 380.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Ермуханов - 2271, Д.Сағынбаев - 903, Н.Шабаров - 387.

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімі болып Ермуханов Амандык Келдибаевич сайланды, 1987 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады,  өзін-өзі ұсынған, ұлты - қазақ.

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
18 мая 2026