Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының
хабарламасы
2026 жылдың 17 мамыры күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Рахат ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Рахат ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне
22786 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 9322 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 103, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 819.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
С.Касикбаев - 870, Н.Қалпақ - 1568, К.Табанбаев - 5962.
Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының әкімі болып Табанбаев Казбек Аманжолұлы сайланды, 1994 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты - қазақ.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы