Сауда-Саттық өткізілетіндігі туралы Хабарлама
«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық меншіктегі мүлікті сату бойынша сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарлайды.
Калалық коммуналдық меншігіндегі автокөліктерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі-Қағида)сәйкес жүзеге асырылады.
Аукцион 2026 жылғы 21 мамыр сағат 10-00 ден 17-00 ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды
Сауда-саттықтың бағаны көтеруге әдісімен электрондық аукционға коммуналдық меншіктегі мына нысандар қойылады:
1. 1989 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі AKD 620 R Трактор Т-40, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы. Баланс ұстаушы - Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенжылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны. Алғашқы бағасы – 460 000 теңге, бастапқы бағасы – 1 380 000 теңге, ең төмен бағасы -138 000 теңге, кепілдік жарна – 69 000 теңге.
Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.Кепілдік жарна мына депозиттік есепшотына төленеді:
Аукционға қатысушы үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай операторы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрі – бірыңғай оператор) реквизиттеріне төленеді: БСН 050540004455, ЖСК KZ226018871000394291, БСК HSBKKZKX, банк атауы: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, ТТК 887, Кбе 16, төлемнің белгіленуі - аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді).Төленген бір кепілдік жарна бір жекешелендіру объектісін сатып ауға құқық береді.
Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өнімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарлама көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады.
Кепілдік жарнаны қайтару үшін электрондық аукционның қатысушысы сауда-саттықты ұйымдастырушыға ағымдағы шотты растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын ұсыну қажет.
Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі –ЖСН) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail);
5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Электронды аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (кайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың;
2) қатысушының кепілдік жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының;
3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысушы нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу кажет.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.
Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ-мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Бағаны көтеру аукционын өткізу қағидалары:
1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
1-1) егер аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
2) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куәландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 130200, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ғимараты, Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі, 224-кабинет, 8 (72934) 48-342 телефоны арқылы алуға болады.