ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№_______ «___»______202_ жыл
Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала
маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңына және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы»
Заңының 19 бабының 2, 4, 5 тармақтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала
маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі
белгіленсін:
1) Қалаішілік жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен
тасымалдауға – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
2) Жаңаөзен қаласы - Рахат және Теңге ауылдары бағытында
жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 100 (жүз)
теңге мөлшерінде;
3) Жаңаөзен қаласы - Қызылсай ауылы бағытында жолаушылар мен
багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 150 (жүз елу) теңге
мөлшерінде.
2. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың
кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.
3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп
танылсын:
1) 2017 жылғы 21 тамыздағы №580 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар
мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты
тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3425 болып тіркелген, 2017 жылы 15
қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №945 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 21 тамыздағы №580 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен
багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты
тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3509 болып
2
тіркелген, 2018 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ю. Коккозов) осы қаулының әділет
органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат қ