Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ
2026 жылдың 26 сәуірі күні жергілікті уақытпен 18.00-де Рахат ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Касикбаев Серик Калдыбаевич, 1988 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық тұрғын–үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.
2. Қалпақ Нұрлат Саяхатұлы, 1997 жылы туған, «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас инспектор лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.
3. Табанбаев Казбек Аманжолұлы, 1994 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.