Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ
2026 жылдың 26 сәуірі күні жергілікті уақытпен 18.00-де Теңге ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Ермуханов Амандык Келдибаевич, 1987 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты - қазақ.
2. Сағынбаев Данияр Қалиханұлы, 1991 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.
3. Шабаров Наурызбек Майрамкулович, 1995 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.