Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЫ

Жаңаөзен  қалалық  сайлау комиссиясының

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімі болуға тіркелген  кандидаттар туралы

ХАБАРЫ

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5- бабының 9-тармағына сәйкес, 2026  жылдың 23 сәуірі күні Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

1. Ермуханов Амандык Келдибаевич, 1987 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты - қазақ.

2. Сағынбаев Дарияр Қалиханұлы, 1991 жылы туған,  «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған,  ұлты-қазақ. 

3. Шабаров Наурызбек Майрамкулович, 1995 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЫ
Дата публикации
23 апреля 2026