«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» ММ-і қызметіндегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» бірінші тоқсан бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік Мекеме) Мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау кезеңі: соңғы үш жылды салыстырғанда 2023 жылдың 23 маусымына сәйкес.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
I Мемлекеттік мекеменің қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
II Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы: қала бюджетінің уақытылы атқарылуына бақылау жасауды, бюджеттік бағдарламаларды қаржылық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қаржылық ресурстардың құрылуы және пайдалануы кезінде операциялардың нақты есепке алынуын қамтамасыз етуі. Жаңаөзен қаласының экономикасының жоғары бәсекелестікке жетуіне және экономикалық өсуіне бағыт жасау мақсатында, коммуналдық меншіктің тиімді басқарылуы.
Міндеттері:
1) мемлекет мүддесінде коммуналдық мүлікті басқару;
2) бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бөлімге жүктелген өзге де міндеттер;
Функциялары:
Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
2) салық органдарынан жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да міндетті түсімдер сомасы жөнінде, бюджетке төлемдер бойынша берешектер сомасы жөнінде есептер алуға, заңды тұлғалардын бухгалтерлік баланс және салық салу құрамы мен нысандары, қаржы шаруашылық қызметі туралы, материалдар, статистикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін қажетті өзге де материалдар алуға, сондай – ақ Бөлімге жүктелген және құзыретіне кіретін басқа міндеттерді атқару үшін қажетті статистикалық және басқа да мәліметтерін алуға;
3) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден белгіленген мерзімде қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы тоқсандық (жылдық) есептер алуға;
4) қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттердің орындалу жөніндегі нормативтік – құқықтық актілер талаптарына сәйкес болуына бақылау жасауға;
5) қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қаржылық есептілігіне бақылау жасауға;
6) Қалалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептеріне баға, сондай – ақ бекітілген қалалық бюджет бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігі мен орындалғандығына баға беруге;
7) қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелерден, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардан, осыны жүзеге асыруға өкілеттенген мемлекеттік органдардан бақылау өткізу жөніндегі актілерді сұратуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша басқа да Бөлімге жүктелген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
II Мемлекетік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1.Персоналды басқару қызметі бойынша
Мемлекеттік мекеме штаты – Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президеті мен Үкіметінің актлеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 27.04.2018 жылғы №30-1943-07-ММ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің штаттық кесте шегі құрылымы мен штаттық саны мемлекеттік қызметшілер 5 бірлікті (Бөлім басшысы, 1 сектор меңгерушісі және 3 бас маман) және 8 штаттан тыс қызметкерлер құрайды. Мемлекеттік қызметшілер штаттық бірліктерінде вакансия жоқ.
Конкурс өткізу тәртібін сақтау – Үнемі.
Қызметке тағайындау бойынша – талдауға қамтылған кезде Мемлекеттік мекемеде қызметке вакансиялық орынға тағайындау жүргізіліп, конкурс нәтижесі бойынша E-R-5 E-R-4 санатына мемлекеттік қызметші тағайындалды. (16.07.2024 жылы)
Міндетті арнайы тексеруден өту тәртібін сақтау –Сақталады қызметкерлердің жеке істерінде міндетті арнайы тексеру нәтижелері толығымен тігілген.
Ауысу тәртібімен қызметке тағайындау бойынша – Ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке тағайындалмады.
Ант қабылдау бойынша –Жаңа мемлекеттік қызметкер жұмысқа қабылданған жағдайда ант қабылдайды.
2.Мүдделер қақтығысы мәселелері
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмағаны анықталды.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған.
Мемлекеттік мекемеде ерлі зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу шарттары, шот-фактура, жөнелтпе құжаттары электронды нысанда рәсімделеді. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу кезеңінде лауазымды тұлғалардың бірігуі, белгілі бір тұлғалардың мүдделерінің жақталуының орын алуы, алдын ала сөйлесу, сөз байласу тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашықтық, жариялылық, барлық тараптарға теңдік дәреже принципіне негізделіп ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының қағидаларына негізделген.
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібін сақтау –талдауға қамтылған мерзімде Мемлекеттік қызметшілер және штаттан тыс қызметкерлер арасында тәртіпті бұзу және тәртіптік жазаға тарту фактісі орын алған жоқ.
Сенімгерлік басқаруға беру тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен мүліктері сенімгерлік басқаруға берілмеген, яғни қызметшілердің жеке істерінде сенімгерлік басқаруға бергендігі туралы ешқандай мәліметтер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілердің ант кодексінің талабын сақтауы – Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің тараптарын бұзу кодексі тіркелмеген.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту - Талдау уақыты аралығында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген.
3.Іс-құжаттарын жүргізу
Мемлекеттік қызметкердің жеке іс құжаттары талаптарға сәйкес қызметтік тізімдері, өтініштері, білім туралы құжаттары, еңбек кітабының көшірмесі, дәрігерлік анықтама және бұйрықтардың көшірмелері толтырылып жинақталған. Салық декларациясын тапсырғандығы жөніндегі анықтамалары, мемлекеттік қызметкерлердің қызметте болуға байланысты шектеулері толтырылып қол қойылған, арнайы тексерудің анықтамасы және қызметкерлердің анты толтырылып тігілген.
Мемлекеттік мекемедегі барлық қызметкерлердің қылмыстық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны немесе тартылмағаны, әрекетке қабілетсіз деп танылғаны/танылмағаны туралы деректерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сұранысы бойынша мәліметтің жоқтығы туралы анықтама алынған.
Мемлекеттік қызметшілердің активтері мен міндеттемелері туралы декларация уақытылы және толық тапсырылуы анықталды.
Бөлім басшысы Р. Джантлеуова
Бас есепші Р. Ишангалиева

