ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қала әкімдігінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысымен бекітілген кандидаттарға кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар:
Рахат ауылы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде берілетін үй-жайлар -
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің акт залы.
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар -
«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.