GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Акимат города Актау
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
«Таза Қазақстан»: Жергілікті кәсіпкерлер қала әкімінің бастамасына қолдау білдірді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының төртінші өндірістік аймағында ауқымды тазалық жұмыстары басталды. Қала әкімі Мақсат Мұқаштың кәсіпкерлерге тазалық мәселесіне қатысты үндеуінен кейін бизнес өкілдері бастаманы қолдап, нақты іске кірісті.

Қазіргі уақытта Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аталған шараға 11 құрылыс компаниясы қатысып, барлығы 13 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қала әкімі Мақсат Мұқаш санитарлық тазалық жұмыстарын бақылап, бастамаға қолдау білдірген кәсіпкерлер мен азаматтарға алғысын жеткізді.

Кәсіпкерлердің қолдауымен қолға алынған тазалық жұмыстары алдағы уақытта да қала аумағында жалғасын табады. Осы орайда барлық кәсіпкерлерді қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шараларға белсенді атсалысуға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

23 октября 2026
Ақтауда «Bereke Fest» акциясы өтеді

25 қазан – Республика күніне орай Ақтау қаласындағы бірқатар супермаркеттерде «Bereke Fest» акциясы ұйымдастырылады. Акция аясындағы жеңілдіктер 27 қазанға дейін жалғасады.

Акцияның мақсаты – ішкі нарықты қолдау, отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және халық үшін әлеуметтік маңызы бар, күнделікті сұранысқа ие тауарлардың қолжетімділігін арттыру.

Акция аясында тұрғындар азық-түлік және басқа да қажетті тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып ала алады. Бұл бастама мереке қарсаңында тұтынушыларға тиімді ұсыныстарды пайдаланып, отбасылық бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Bereke Fest» акциясы Дина, Анвар, Дана және Алтын фуд супермаркерінде өткізіледі.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

23 октября 2026
Ақтауда Республика күніне орай сауда орталықтарында жеңілдіктер ұсынылады

25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай ішкі нарықты қолдау, отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және халыққа қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру мақсатында республикалық «Republic Day» акциясы ұйымдастырылуда.

Акция аясында Ақтау қаласындағы бірқатар сауда орталықтарында 27 қазанға дейін түрлі санаттағы тауарларға арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Тұрғындар тұрмыстық және күнделікті сұранысқа ие өзге де тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып ала алады.

«Republic Day» акциясына қатысатын сауда орталықтары:

«Saya Park» сауда орталығы;
«Ақтау» сауда орталығы;
«SHUM» сауда орталығы;
«Астана» сауда орталығы;
«Маңғыстау» сауда орталығы;
«Akkala Mall» сауда орталығы;
«Бәйтерек» сауда орталығы;
«Zaman» сауда орталығы;
«Hazar Plaza» сауда орталығы.

Акция халықтың сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұтынушылық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

23 октября 2026
Қала әкімі Мақсат Мұқаш «Керуен» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті

Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш 16-шағын ауданда орналасқан «Керуен» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында азаматтар үй аумағында орналасқан құрылыс нысанының бір бөлігін тұрғындардың игілігіне беріп, аумақты кеңейтуді сұрады.

Сондай-ақ тұрғындар кеңейтілген аумақты көгалдандырып, балалар ойын алаңын салуды және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді өтінді. Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің құжаттарын рәсімдеу мәселесін көтерді.
Өз кезегінде қала әкімі тұрғындардың өтініштерін ескеріп, мәселелердің шешілуіне қолдау көрсететінін жеткізді. Мақсат Мұқаш жауапты өкілдерге тұрғын үй кешенінің құжаттарын бір ай мерзімде реттеуді тапсырды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

23 октября 2026
Ақтауда Республика күніне арналған жәрмеңке өтеді

Республика күніне орай 23 қазан күні «ШУМ» сауда орталығында тоқыма өнімдерінің, ал, «Астана» сауда орталығында жергілікті өндірушілердің сүт өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты – жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және тұрғындарға қажетті тауарларды қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасау.

Барша қала тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз!

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

23 октября 2026
Ақтау қаласының әкімі құтқарушыларға құрмет көрсетті

Бүгін, 22 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №13 өрт сөндіру бөліміне барды. Қала басшысы бөлімнің жұмысымен танысып, қызметкерлерді 19 қазан – Құтқарушылар күнімен құттықтады.

Сапар барысында Мақсат Мұқаш өрт сөндірушілердің қызметтік міндеттерін атқаруына жасалған жағдайларды көріп, бөлімнің материалдық-техникалық базасымен, арнайы техникасы және құрал-жабдықтарымен танысты.

Кездесу барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілердің қызметі ерекше атап өтілді. Кәсіби мерекеге орай бірқатар қызметкерге адал қызметі мен кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындағаны үшін қала әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, №13 өрт сөндіру бөлімі 2025 жылғы 21 қарашада жеке құрамның пайдалануына берілді. Бөлімнің жалпы аумағы 712,15 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта мұнда 45 қызметкер еңбек етеді. Бөлімнің теңгерімінде 5 бірлік арнайы техника бар.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
Ақтау әкімдігінде жылыту маусымының барысы талқыланды

Ақтау қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының өту барысына арналған жиын өтті. Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиында қаладағы жылыту маусымының барысы, көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу жүйесіне қосылу жағдайы талқыланды. Сонымен қатар жылу беру кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі, инженерлік желілердің жұмысын үйлестіру және жылыту маусымында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу бағыттары сөз болды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров жылыту маусымын тұрақты өткізу басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік саладағы бірқатар нысан жылу жүйесіне қосылған. Ендігі кезекте негізгі назар көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс.

– Бірінші кезектегі мәселе – жылыту маусымын дұрыс өткізу. Әлеуметтік саладағы кейбір нысандарды жылу жүйесіне қостық, бұл бағытта мәселе жоқ. Қазіргі таңда негізгі мәселе көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты болып отыр. Сондықтан ең алдымен осы үйлердің дайындығына назар аударуымыз керек, – деді Бекбол Орынбасаров.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары коммуналдық салада жұмысшылар мен білікті мамандардың тапшылығы бар екенін атап өтіп, бұл мәселені шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жылыту маусымының барысын тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді жедел шешу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
Ақтауда заңсыз қоқыс үйінділерін жою және құрылыс алаңдарындағы тазалық мәселесі талқыланды

Бүгін, 21 қазанда Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың төрағалығымен қала аумағындағы заңсыз қоқыс үйінділерін жою және құрылыс нысандарындағы санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті. Отырысқа өндірістік мекемелердің сондай-ақ құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Жиында қала аумағында анықталған заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстарының барысы және құрылыс алаңдарындағы санитариялық талаптардың сақталуы қаралды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-ның геопорталы арқылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Маңғыстау облысы аумағында 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 26-сы Ақтау қаласына тиесілі. Бұл туралы жиында Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мәлімдеді.

- Қазіргі таңда қаладағы анықталған 26 нүктенің 16-сы қоқыс қалдықтарынан толық тазартылды. Қалған 10 учаске бойынша мәліметтер жинақталып, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары анықталды. Қоқыс үйінділерін жою жұмыстары бекітілген Жол картасына сәйкес жалғасуда, – Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сайлаубаев.

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі жүргізген мониторинг нәтижесінде аумағында қоқыс қалдықтары жиналған 22 тұрғын үй құрылысы нысаны анықталған. Аталған нысандардың мекенжайлары, тапсырыс берушілері мен құрылыс салушы мекемелері туралы мәліметтер жинақталды.

Қала әкімі Мақсат Мұқаш жауапты мекемелер мен құрылыс компанияларына анықталған кемшіліктерді жою және қала аумағында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

- Барлық мекемелер мен құрылысшылар арнайы техникаларын шаһар тазалығына жұмылдыруы тиіс. Қаланың тазалығы мен сәулеттік келбетін сақтау – баршамызға ортақ міндет. Әрбір құрылыс салушы өз нысанының аумағына ғана емес, оған іргелес жерлердің де тазалығына жауапкершілікпен қарауы керек. Заңсыз қоқыс төгуге жол берілмеуі тиіс. Анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі қажет, – деді қала әкімі.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі құрылыс компанияларының өкілдеріне құрылыс алаңдары мен оған іргелес аумақтарда тазалықты сақтау, құрылыс қалдықтарын уақытылы шығару және оларды белгіленбеген орындарға төгуге жол бермеу қажеттігін айтты.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
Ақтауда орталық жолдардың қысқы маусымға дайындығы пысықталды

Бүгін, 21 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың төрағалығымен әкімдікте аппараттық жиын өтті. Отырыста орталық көшелерді қысқы маусымда күтіп ұстау, жолдардың қар мен жауын-шашынға дайындығы және коммуналдық қызметтердің әзірлігі қаралды.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосовтың айтуынша, жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігер мекеменің 100-ге жуық жұмысшысы мен 26 арнайы техникасы дайын. Сонымен қатар 300 тонна топырақ, 100 тонна тұз және 12 мотопомпа әзірленген.

«Қыс мезгілінде орталық көшелерге, аялдамаларға, әлеуметтік нысандардың маңы мен жаяу жүргіншілер жолдарына басымдық беріледі. Сондай-ақ көктайғаққа қарсы «АЙСМИКС» реагентін қолдану және қаладағы су ағарларды тазалау жұмыстары қарастырылуда», – деді Жұлдызбай Көңілімқосов.

Қала әкімі Мақсат Мұқаш алдағы кезеңде қар мен жауын-шашынның жиілеуі мүмкін екенін атап өтіп, жолдардың қысқы маусымға дайындығын толық қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қазіргі таңда қала аумағында жиналған жауын-шашын мен қар суын теңізге айдау мүмкіндігі шектеулі. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу қажет. Барлық қажетті техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығына ерекше мән беріңіздер. Қолайсыз ауа райы кезінде тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз керек», – деді қала әкімі.

Жиын барысында «109» бірыңғай байланыс орталығының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары да баяндалды. Сонымен қатар тұрғындардың қалалық қызметтерді пайдалануын жеңілдетуге, қажетті ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған «Smart City» жобасы таныстырылды.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты мекемелерге қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізіп, қажетті техника мен материалдардың әзірлігін қамтамасыз етуді және белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
Ақтау қаласының әкімі 100-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін, 19 қазан күні Ақтау қаласында өткен «Ашық есік» бірыңғай қабылдау күні аясында қала әкімі Мақсат Мұқаш 100-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, абаттандыру, жол инфрақұрылымы, қоғамдық көлік қатынасы және аялдамаларға қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, қала тұрғындары шаһардың дамуына қатысты өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

Қала әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді жауапты мамандармен бірлесіп талқылады. Нәтижесінде, жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, әрбір мәселені жан-жақты зерделеу және оларды шешу жолдарын қарастыру міндеттелді.

Айта кетейік, Ақтау қаласында өткен «Ашық есік» бірыңғай қабылдау күніне жалпы саны 500-ге жуық тұрғын қатысты.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы