Ақтау қаласының әкімі Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулымен кездесті

Ақтау қаласының әкімі Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулымен кездесті

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Ғоламреза Хашемимен кездесті. Кездесу барысында қос тарап Ақтау қаласы мен Иран Ислам Республикасының қалалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Ғоламреза Хашеми Ақтау және Тегеран қаласының туристік әлеуеті жайында айтты. Атап айтқанда, кездесуде Бас консул екі қала арасында чартерлік рейстерге тоқталды.

Өз кезегінде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов екі ел арасындағы бауырластықты және туризм, сауда-экономикалық, мәдени байланысты нығайтуды жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.   

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі