Акимат города Актау

Меню

Страницы

Статья

📢 Ақтау қаласының аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті.

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында белгілі болды. ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сайлауды тағайындау туралы қаулы жобасын таныстырды. Комиссия тиісті қаулыны қабылдады.
 
Қабылданған қаулыға байланысты Ақтау қаласының аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті.
Жиынды қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Айладыр жүргізіп, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын таныстырды.
Айта кетейік, алдағы сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы негізінде өткізіледі.
 
«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабының 3-тармағына сәйкес, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы олардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Алдағы сайлау аясында 228 мәслихаттың 3447 депутатын сайлау жоспарланған. Оның ішінде 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық және 2053 мандат аудандық мәслихаттарға тиесілі.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
19 октября 2026
19 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы