
Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған
жас сайлаушылар клубы мүшелерімен отырыс өтті
21.01.2026 жылы жас сайлаушылар клубының жылдық жоспары аясында жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кезекті отырыс өтті.
Кездесу барысында Клуб құрамы жаңартылып, белсенді жастармен толықтырылды.
Сонымен қатар, клубтың 2026 жылға іс-шаралар жоспары бекітіліп, осы жылдың соңына дейін жас және болашақ сайлаушылармен сайлау квесттерін, іскерлік және зияткерлік ойындарды, тренингтер мен семинарларды, пікірталастарды өткізу қажеттігі алға қойылды.
Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Айладыр жас сайлаушылардың сайлау жүйесі туралы сұрақтарына жауап беріп, жастарды Ақтау қалалық сайлау комиссиясының жұмыс бағытымен таныстырды.
Ақтау қалалық сайлау комиссиясы