Акимат города Актау

Меню

Страницы

Статья

АҚТАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Демалыс күндері Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде тұрғындарға арналған қолөнер шеберлерінің «Шебер қолдар» атты көрмесі өтті.

Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында ұйымдастырылған көрмеде қаланың қолөнер шеберлері жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, сәнді бұйымдар, сувенирлер, әшекей бұйымдарын ұсынды.

Іс-шара таңғы сағат 10:00-де басталып 8 сағатқа созылды.

Абай атындағы МДК өнерпаздары іс-шараны әсем әнмен сүйемелдеп, көрермендерге көңіл-күй сыйлады.

“Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Тұрғындардың мәдени іс-шараларға деген қызығушылығы жоғары. Қолөнершілерге де алғысымды білдіремін”, - деді Абай мәдени-демалыс кешені директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Маргарита Омарова.

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы