Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №360 қаулысымен бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты  — 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің кемінде 8 % үлесін қамтамасыз ету. Бағдарламаның міндеттері: Туристік ресурстарды дамыту Туристік дестинациялар мен объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету Туристік өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру Қолайлы туристік ахуал құру  Ішкі және халықаралық нарықтарда елдің туристік әлеуетін ілгерілетудің тиімді жүйесін қалыптастыру Туристік саланы дамытуды басқару мен мониторингтеу жүйесін жетілдіру Іске асыру мерзімдері — 2019 – 2025 жылдар Нысаналы индикаторлары: 2025 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу: - сырттан келушілердің* санын 9 млн. адамға дейін, оның ішінде шеттен келген туристердің** санын 3 млн. адамға дейін ұлғайту; - ішкі туристердің санын 8 млн. адамға дейін ұлғайту; *келуші – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен шетел азаматы ** шеттен келген турист – кәсіби қызметпен байланысты емес >24 сағатты ҚР аумағында өткізген шетел азаматы - туристік салада жұмыс істейтіндердің санын 650 000 адамға дейін өсіру; - орналастыру орындары көрсеткен туристік қызметтер көлемінің 2,5 есе өсуі (270 млрд. теңгеге дейін); - негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 3 есе өсуі (600 млрд. теңгеге дейін); - туристерді тарту үшін маркетинг пен брендингтің тиімділігі – 2025 жылға қарай "БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі" рейтингінде 80-орын (2017 жылы – 102-орын); - әуе көлігінің инфрақұрылымын дамыту – 2025 жылға қарай "БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі" рейтингінде 60-орын (2017 жылы – 71-орын); - жерүсті және порт инфрақұрылымын дамыту - 2025 жылға қарай "БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі" рейтингінде 80-орын (2017 жылы – 91-орын); - туристік сервистің инфрақұрылымын дамыту - 2025 жылға қарай "БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі" рейтингінде 70-орын (2017 жылы – 97-орын); - халықаралық ашықтық – 2025 жылға қарай "БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі" рейтингінде 70-орын (2017 жылы – 113-орын);

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Дата публикации
30 ноября 2020