«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй көмегін тағайындау секторының бас маманы, E-R-4 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс 2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Ақтау қаласы әкімдігінің интернет – ресурсына екі тілде жарияланған.
Алайда, ішкі конкурсқа қатысқан үміткерлердің жоқтығына байланысты, конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй көмегін тағайындау секторының бас маманы, E-R-4 санаты – бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялансын.
Персоналды басқару қызметі