Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы тұрғындарының назарына!

Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы тұрғындарының назарына!

         Ақтау қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 24-бабына және «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 27 қазандағы  №32/339 Қаулысына сәйкес, Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы азаматтарын  сайлаушылар тізіміне енгізу туралы ақпарат беру жөніндегі CALL-орталық ашылғандығын хабарлайды.

         Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімі жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасалады.

         Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

         Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігінің болмайтыны белгілі болса, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.

CALL-орталық нөмірі 8 (7292) 33-65-14

Электрондық пошта callcentersailau.aktau@gmail.com    

Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы тұрғындарының назарына!
Дата публикации
12 ноября 2020