Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36186 болып тіркелді) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1-қосымшасынасәйкес айқындалсын.
- Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Е. Саркеновке жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С. Закенов