17 ВОССТАНОВЛЕНЫ ПРАВА УСЛУГОПОЛУЧАТЕЛЯ

17 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау саласында қызмет атқарады.

Агенттік пен оның аумақтық органдарының өкілеттіктері шеңберінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша артық құжаттарды сұрау, қызмет көрсету тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету деректері бойынша қашықтықтан мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізілуде.

Бұл ретте, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне жеке тұлғаның  «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қағида талаптары сақталмай, тәртібі бұзылғандығы анықталды.

Департаменттің қабылдаған шаралары негізінде, аталған мемлекеттік қызметке құжаттары тіркеліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында Департаменттің қабылдаған шаралары негізінде 1 тоқсан қорытындысы бойынша барлығы 17 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Осы ретте, құрметті облыс тұрғындары, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде орын алған бұзушылықтар мен қызмет көрсету кезіндегі мерзім бұзушылық деректерін кездестірген жағдайда Департаментке төменде көрсетілген мекен-жайы бойынша немесе «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы шағымдана алатындығыңызды қаперіңізге береміз.

Мекен-жайы: Ақтау қ., 14 ш.а. 1 ғимарат 2-Блок

Байланыс нөмері: 30-36-49, 30-30-39 кеңсе нөмірі

«EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы

 

 

Тоқтамыс Жұмағұлов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Дата публикации
27 мая 2025