Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07-965                                                                                       02.04.2025 ж.

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 01-22-31 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 01-12-70 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тлешова Түймеге 2022 жылғы 04 қазандағы №8349 сатып алу-сату шарты негізінде тиесілі, Шығыс-2 шағын ауданы, №22/1 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты: коттедж типті тұрғын үйдің аумағын кеңейту және оны пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі 13-200-034-2945 жеке меншік құқығында тұрған көлемі 0,0284 гектар жер учаскесіне «Шығыс-2,3» тұрғын массивінің ішкі автомобиль жолдарын салу» Түзету» жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында автомобиль жолы салынуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.

  2. Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.

  3. Тлешова Түймеге келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.

  5. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

  6. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

Қала әкімі                                                                                 Ә. Байпақов

               

Дата публикации
03 апреля 2025