Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07-964                                                                                            02.04.2025 ж.

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 05 маусым № 01-22-412 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-12-922 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ж.О. Нургалиевтің және А.К. Аскабулованың 2015 жылғы 11 қарашадағы №9880 шарты негізінде, Ақтау қаласы Шығыс-3 шағын ауданы, №255 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты: ойын-сауық және сауықтыру кешенінің құрылысын салу және пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі: 13-200-034-2090 жеке меншік құқығында тұрған жер учаскесінің көлемі 0,0710 гектар бөлігіне (жалпы көлемі 0,4 гектардан) ішкі автомобиль жолдарын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.

  2. Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.

  3. Ж.О. Нургалиевке және А.К. Аскабуловаға келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.

  5. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

  6. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

Қала әкімі                                                                                 Ә. Байпақов

Дата публикации
03 апреля 2025