АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07-966 02.04.2025 ж.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 06-20/121 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 01-12-43 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Калекенов Ринат Ерболатовичтың 2023 жылғы 12 қазандағы № 2360 сатып алу – сату туралы келісім шарты негізінде, Ақтау қаласы 13 шағын ауданы, №16 үйінің алдында орналасқан, нысаналы мақсаты: мобильді сауда павильонын орналастыру және пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі 13-200-013-523 жалдау құқығын сату шартымен тұрған көлемі 0,0090 гектар жер учаскесі су құбыры желісінде орналасуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
Калекенов Ринат Ерболатовичке келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
Қала әкімі Ә. Байпақов
Д.И. Конирова