Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылында жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА:

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы:

«Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – «Ақтау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне және Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері:

«Педагог мәртебесі туралы» және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Өмірзақ ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету әлеуметтік маңызы бар өте қажетті шешім болып табылады.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі):

Өмірзақ ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған қаржы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  1. Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы:

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық, салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері:

Өмірзақ ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету. Күтілетін нәтижелердің мерзімі: мерзімсіз.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылуы нәтижелері туралы мәліметтер:

Қажеттілігі жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы:

Қажеттілігі жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны):

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «___».02.2025 жылы, байт саны ___ КБ және Ақтау қаласы әкімдігінің интенет-ресурсында «___».02.2025 жылы, байт саны ___ КБ орналастырылды.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Қажеттілігі жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі:

Қажеттілігі жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын дәне (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері:

Талап етілмейді.

 

 

Өмірзақ ауылының әкімі                                                                               Б. Кенжалиев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2025