Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 05 қаңтардағы № 18/120 «2025-2027 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының

Шешімі

 

Ақтау қаласы                              №_____                                 _________2025 жыл                                        

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 05 қаңтардағы № 18/120 «2025-2027 жылдарға арналған Өмірзақ ауылыныңбюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтау қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 5 қаңтардағы №18/120 «2025-2027 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының  бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №206053 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1.  Өмірзақ ауылының  2025-2027 жылдарға арналған, оның ішінде 2025 жылға  арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға келесі көлемдерде бекітілсін:

кірістер – 655 175,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 93 530,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 470,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 561 175,7 мың теңге;

  • шығындар – 655 175,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0  мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтау қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                  С.Т. Закенов

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 марта 2025