Жоба
Ақтау қалалық мәслихатының
Шешімі
Ақтау қаласы №_____ _________2025 жыл
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №18/118 «2025-2027 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ақтау қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №18/118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №205052 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қалалың 2025-2027 жылдарға арналған, оның ішінде 2025 жылға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 48 573 120,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 37 999 293,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 380 286,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 2 960 584,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 7 232 957,0 мың теңге;
2) шығындар – 49 846 832,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 106 321,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 864,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 114 185,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 167 391,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 1 167 391,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 7 864,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу –114 185,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 273 712,2 теңге».
2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 51,4 пайызды құрайды»; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«Төлем көзінен салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығы 2,2 пайызды құрайды»; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуметтік салық 2,3 пайызды құрайды».3 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:«3. 2025 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 2 088 952 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.». Көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы |
|
С.Т. Закенов |