Ақтау қаласы әкімдігімен 2024 жылдың 4 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 04.09.2024 жылғы № 535/НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 60 (60 кіші топ).
2024 жылдың 4 тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 75 (ЖАО-6, ХҚКО-29, Эл-69) мемлекеттік қызмет түрінен-14408 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 53, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 593, ХҚКО арқылы – 4886, электрондық портал арқылы – 8876 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 3078, оның ішінде электрондық түрінде – 2509, қағаз түрінде - 569.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2024 жылдың 4 тоқсанында 8 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -80) өткізілді.
2024 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 75 (ЖАО-6, ХҚКО-29, Эл-69) мемлекеттік қызмет түрінен- 81248 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 196, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 2684, ХҚКО арқылы – 41505, электрондық портал арқылы – 36863 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 18902, оның ішінде электрондық түрінде – 13801, қағаз түрінде - 5101.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2024 жылы 62 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -480) өткізілді.
Ішкі бақылау жұмыстары туралы
2024 жылдың 4 тоқсанында 22.07.2024 жылғы № 1-ө «2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, 2 объектіге (Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы, Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі) ішкі бақылау шарасы жүргізілді.
Тексеру барысында 23 кемшіліктер анықталды:
Қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы – 2;
Құжаттар пакетінің толық болмауы- 4;
Бизнес-процесінің бұзылуы – 12;
Жұмыс уақытының тәртібін сақтамауы-1;
Өзге де бұзушылықтар – 4;
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 18 ұсыным жолданып, орындалды.
2024 жылы 12.12.2023 жылғы № 44-ө және 22.07.2024 жылғы № 1-ө «2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімдеріне сәйкес, 5 объектіге ішкі бақылау шарасы жүргізілді.
Тексеру барысында 55 кемшіліктер анықталды:
Қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы – 4;
Құжаттар пакетінің толық болмауы- 9;
Артық құжаттарының болуы- 5;
Бизнес-процесінің бұзылуы – 22;
Негізсіз бас тарту – 1;
Жұмыс уақытының тәртібін сақтамауы-1;
Өзге де бұзушылықтар – 13;
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 41 ұсыным жолданып, орындалды. Ішкі бақылау жұмыстары кезінде:
Ақтау қалалық жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ж. Мейловке «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы З. Бермағанбетоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Мерзім бұзушылықтар
2024 жылдың 4 тоқсанында «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну)», «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 8 мерзім бұзушылық орын алды. Заң бұзушылыққа жол берген Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Н. Сайлаубаевқа «Сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
2024 жылы мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 18 мерзім бұзушылық орын алды:
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомбильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» қызметін көрсету кезінде (Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) 2 мерзім бұзушылық (бас маманға ескерту берілді);
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметін көрсету кезінде (Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі) 4 мерзім бұзушылық (20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды);
«Машиналарды тіркеу» қызметін көрсету кезінде (Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) 1 мерзім бұзушылық (бөлім басшысының орынбасарына ескерту берілді);
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну)» қызметін көрсету кезінде (Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі) 2 мерзім бұзушылық (20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды);
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тамыз айында 1 мерзім бұзушылық орын алды. Заң бұзушылыққа жол берген бөлім басшысының м.а. Ж. Жұлқынов өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік шара қолданылмады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Маңғыстау облысындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалына дәрістерге жіберілді. Өткізілген семинарға 2024 жылдың 4 тоқсанында 2 мемлекеттік қызметші (2024 жылы - 15) қатысты.
Сервистік әкімдік (өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары туралы)
Қазіргі таңда қала аумағында 75 (28 білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2024 жылдың 4 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 310 қызмет (2024 жылы - 1091) көрсетілді.
«Сервистік әкімдік» арқылы қала әкімі мен орынбасарлары тарапынан 2024 жылдың 4 тоқсанында 233 азаматтың (2024 жылы - 549) жеке сұрақтарына байланысты қабылдау жүргізілді.
Тәжірибе алмасулар
2024 жылдың 4 тоқсанында тәжірибе алмасу өткізілмеді. 2024 жылы тәжірибе алмасқандар:
25-29.03.2024 жыл аралығында Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Н. Сайлаубаев Астана қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасымен тәжірибе алмасты;
19-23.02.2024 жыл аралығында Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ж. Өтелгенов Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасымен тәжірибе алмасты;
15-17.04.2024ж. аралығында Ақтау қалалық жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ж. Мейлов Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен тәжірибе алмасты;
13-14.05.2024 ж. аралығында Ақтау қалалық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы С. Сәуіров Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен тәжірибе алмасты;
22-26.07.2024 ж. аралығында Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Г. Сүлейменова мен Г. Абатова Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тәжірибе алмасты;
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы И. Жауынбаева Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен 19.11.2024ж. айында онлайн түрінде тәжірибе алмасты.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілетін қоғамдық мониторинг
2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталында 2 рет конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып жеке кәсіпкер «ОЮ LAND» болып табылды. Әлеуметтік зерттеу жұмыстары «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Тұрғын үй сертификатын беру», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметтеріне жүргізілді. Қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша қанағатану деңгейі 56,4% құрады.
Ақтау қаласының әкімдігімен 2024 жылдың 4 тоқсанында өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша іс-шаралар:
|
Ашық есік күні |
Жәрмеңке |
Әлеуметтік желілерге хабарлама |
Тікелей эфир |
Брошюра тарату |
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кеңес беру |
Сервистік әкімдікте кеңес беру |
Қатысушылар саны |
|
- |
2 |
6 |
- |
- |
- |
- |
80 |
Онлайн жәрмеңке Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі, Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.
https://www.instagram.com/reel/DA5GHsLoZ1I/?igsh=NjFhOGMzYTE3ZQ==)
https://www.facebook.com/share/v/pjBdhKe33ZssbKsk/?mibextid=QwDbR1
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялағандар;
Ақтау қалалық жер қатнастары бөлімі
https://www.instagram.com/reel/DAVemDsBUK/?igsh=MW96ZmlpZGtvbTdjMA==)
https://www.instagram.com/p/DCWRg30srzt/?igsh=amY4d3IxNXAzNzFs)
Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі
https://www.instagram.com/p/DBu_ugdoqc8/?igsh=Y3BrMTA3emt0aDA=
Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы
https://www.instagram.com/reel/DCCHNSdMf7W/?igsh=a2Y4ZmJsejV2NmNj
Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
https://www.instagram.com/reel/C8JVbAfsUnJ/?igsh=anpmNGwzMDlia2l2
https://www.instagram.com/reel/C5x5AYNss-4/?gsh=MTIhbXNkM3BmNXIIZQ=
Ақтау қаласының әкімдігімен 2024 жылы өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша іс-шаралар:
|
Ашық есік күні |
Жәрмеңке |
Әлеуметтік желілерге хабарлама |
Тікелей эфир |
Брошюра тарату |
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кеңес беру |
ТВ бағдарлама |
Қатысушылар саны |
|
2 |
8 |
43 |
7 |
1 |
|
1 |
480 |
Қала әкімі аппаратының
басшысы А. Нұржаубай