Ақтау қаласы бойынша инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесін кеңейту туралы

Ақтау қаласы бойынша инватакси

қызметін ұсыну үшін объектілер мен

межелі пункттердің тізбесін кеңейту

туралы

                Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы                 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген         № 8950), қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласы бойынша инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесін келесі объектілер мен межелі пункттердің тізбесімен кеңейтуге:

         Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» мемлекеттік мекемесі;

         Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

         Ақтау қаласындағы теңіз жағалауы (қала аумағының ішіндегі);

         Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсетуші мекемелер;

         Ақтау қаласында орналасқан екінші деңгейлі банкттер;

         Ақтау қаласында орналасқан мешіттер мен шіркеулер;

         Ақтау қаласында орналасқан диализ орталықтары;

         Ақтау қалалық орталық кітапханасының №8 филиалы (12 шағын аудан, 67 үй);

         Ақтау қаласында орналасқан шаштараздар.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Лауазымы                                                                      Аты-жөні

 

Дата публикации
14 февраля 2025