Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №6/70 «Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №6/70 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3242 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 2-қосымшада осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.