«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-R-3 санаты үшін:
мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің бар болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
Е-R-3
|
min |
max |
|
227 238 |
296 396 |
|
Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс
жариялайды:
1.«Ақтау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік мониторинг секторының меңгерушісі, (3 жасқа дейінгі бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орны 05.09.2021 жылға дейін),Е-R-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Сектор жұмысын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Басшылықтың берген құжаттары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін жедел шаралар қабылдау; Маңғыстау облысының қаржы басқармасының орталықтандырылған міндеттерін уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; Бюджеттің орындалуын ұйымдастырады және қалалық бюджеттің атқарылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді; Міндеттемелер бойынша шоғырландырылған қаржыландыру жоспарын, қалалық бюджет төлемдері бойынша түсімдер мен қаржыландырудың шоғырландырылған жоспарын жобалайды, бекітеді және жүргізеді; Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келесі қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларға қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын мәслихатпен бекітілген келесі қаржы жылындағы жергілікті бюджет туралы шешімімен тексереді; Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларындағы шығындардың жалпы сомасының сәйкестігін тексереді; Бюджеттің орындалуын ұйымдастырады және қалалық бюджеттің атқарылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді; Қаланың ақшалай қаражаттарын басқару шотына ақшалай қаражаттардың профицитін болжау жағдайында, уақытша бос ақшалай қаражаттың сомасы мөлшерін анықтайды; Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық есептілігін қабылдайды; Барлық бюджеттік бағдарламалардың мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының шоғырландырылған түсім және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары сомасымен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша шоғырландырылған қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарайды және бекітілген жағдайда төлемдер мен міндеттемелер бойынша шоғырландырылған қаржыландыру жоспарларына өзгерістер туралы анықтама жасайды; Бюджеттік қаражаттың қалдықтары туралы ақпаратты уәкілетті мемлекеттік жоспарлаушы органға, сондай-ақ өткен қаржы жылындағы қызметті толық орындамау себептерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалысы, дамудың мақсатты трансферттерін қоса алғанда, инвестициялық жобалар аясында бюджеттік даму бағдарламалары бойынша төленбеген келісімшарттардың тізімі туралы ақпаратты; бір қаржы жылынан көп уақыт көлемінде өндірістік және жеткізу кезеңімен активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар; Демеушілікке, қайырымдылық көмекке, ақша қаражатын уақытша орналастыруға бақылауды жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге жазбаша рұқсат беру; Уақытша бос ақшалай қаражаттың сомасын анықтайды; Қала бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негізінде алдағы айға күтілетін бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргізеді және болжамды кезеңнің соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтілетін ақша қалдығын анықтайды; Шоғырландырылған қаржыландыру жоспарындағы бюджеттік бағдарламалар бойынша ай сайынғы төлем кестесін өзгертеді; Мемлекеттік мекемелерге арналған шоғырландырылған жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған ақпаратты, енгізілген өзгерістердің негіздемесін және есептерін тексереді; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік мекемелерге арналған шоғырландырылған жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылатын ақпаратты қарайды және үйлестіреді; Тиісті мемлекеттік органның ұсынған өтініші негізінде жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындар резервтерінде көзделген шектерде ақша бөлу мүмкіндігін немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді; сектордың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың ұсыныстарын, арыздарын және шағымдарын уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Шағым жасау тәртiбi Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.